Сұрақ-Жауап. Кеңес

Ерекше тарихы бар 11 сөз

  • Ерекше тарихы бар 11 сөз

    Ерекше тарихы бар 11 сөз

Сөздердің құдіреті зор: олар ойымызды білдіруде қолданатын құрал болып табылады. Бірақ қолданыста жүрген кейбір сөздердің қызықты шығу тарихы бар екенін көбіміз біле бермейміз. Сырттан келген ерекше сөздерді жүйелеп, білгенге маржан болсын деп, оқырмандарға ұсынуды жөн көрдім.


1.Кенгуру - Аустралия жағалауына келіп түскен ағылшын теңіз саяхатшысы Джеймс Кук ғажайып бір хайуанды көріп, жергілікті тұрғындардан оның атын сұрайды. Ол адам "кенгуру" деп жауап береді, онысы "түсінбедім" деген сөз екен. Мұны саяхатшы әлгі хайуанның аты деп ұғып, оны "кенгуру" атап кетіпті.

2.Апельсин – ертеде бұл жеміс түрін көбіне Қытайдан тасымалдаған. Өзі сары түсті, көлемі алма тәрізді көлемі болған соң, «Қытай алмасы» деген атауға ие болған. Аppel - алма, sien – қытай деген сөзді білдіреді.

3.Сланцы - Кеңес одағы тұсында Ленинград облысы, Сланцы қаласында киім шығаратын завод болған. Олар алғаш рет резеңке шлепенцыларды нарыққа шығарып көреді, бұл аяқ киімдер кеңінен сұранысқа ие болып, тұтынушылар арасында «сланцы» деген атауға ие болған.

4.OK - бұл сөз 1839 жылы АҚШ-та пайда болған. «Oll Korrect» - бәрі дұрыс деген сөздің бастапқы әріптерінен құралған.

5.Дизель - неміс инженер-конструкторы Рудольф Дизель осы отын түрімен қозғалатын тетікті ойлап тауып, сәйкесінше өз фамилиясын берген.

6.Фен - 1908 жылы неміс компаниясы "Fön" шаш кептіретін құрылғыларды ойлап тауып, нарыққа ұсынады. Сәйкесінше, сол құрылғыларды тұтынушылар компанияның атауымен «фен» деп атап кеткен.

7. Июль және август. Июль сөзі Юлий Цезар құрметіне негізделсе, Август — сөзі рим императоры Октавиан Август құрметіне берілген.

8. Мерседес – 1910- 1920 жылдары, екі көлік құрастырушы фирма: Даймлер және Бенц бірігеді. Кейін Даймлер жаңа бір көлік топтамасын құрастырып, оған өзінің кіші қызының есімін береді. Қызының аты Мерседес. Бұл атау бәріне ұнап, кейін фирма Мерседес-Бенц деп аталады.

9. Мэйбеллин – бұл бренд 1913 жылдан бастау алады. Фирманың негізін қалаушы фармацевт Т. Л. Уильямс өз туған әпкесіне арнап, вазелиннен кірпікке арналған бояуды ойлап табады. Әпкесінің аты Мэйбел және бояу вазелиннен жасалған соң, Мэйбеллин атауы шыққан екен.

10. Баскетбол - бұл сөз ағылшын тілінен енген. Екі сөздің бірігуі негізінде туындаған, basket –себет және ball – доп. Қысқаша «себет доп» деген мағынаны береді.

Футбол ойынына келсек, foot -аяқ және ball - доп, «аяқ доп».

Волейбол - volley — қалқып ұру және ball — доп, «допты қалқып ұру»

Гандбол - hand-қол және ball –доп , «қол добы».

11. Вокзал – Лондон қаласы «Vauxhall» көңіл-көтеру саябағында шағын темір жолмен жүретін әткеншектер болады. Бірде орыс патшасы осы саябақта болып, темір жолды ұнатып қалады. Кейінірек ол Санкт-Петербургтен қала сыртындағы резиденциясына дейін темір жол салғызады. Жол бойындағы аялдаманы «Вокзал» деп атайды. Содан бері кез-келген аялдама вокзал деп аталатын болған.


Автор: Жанна ИБРАЕВА




Көрілген: 861    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.02.2018, 12:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31