Ескі көлікті есептен шығару үшін не істеу керек?

Ескі көлікті есептен шығару үшін не істеу керек?

Менің көлігім тым ескі. Ол мүлдем жүрмейді. Бірақ есептен алынбаған. Техпаспорты, мемлекеттік нөмірі де жоқ. Көлікті тіркеуден қалай шығаруыма болады, себебі ол үшін әлі күнге дейін салық төлеп келемін.

Самархан

Көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу ережесінің 65 тармағына сәйкес, көлiк құралдарын иелерi ол жойылғанда (жарамсыз күйге түскенде, есептен шығарылғанда) Жол полициясы органдарына барып есептен шығарады.
Көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу ережесінің 68 тармағына сәйкес, жойылуға жататын көлiк құралдары осы Ереженiң 30-тармағының 1)-7) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар (Көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу ережесінің 30-тармағының 1)-7) тармақшаларына сәйкес көлік құралдарының иелерi:
1) көлік құралын тіркеу бланкісінде толтырылған өтініш;
2) заңды тұлғаның көлік құралын тіркеу бланкісінде толтырған өтініші ұйымның мөрiмен расталады;
3) тiркеу әрекеттерін жасауға өтініш білдірген адамның жеке басын куәландыратын құжат, жеке куәлігінде тұрғылықты жерінің мекен-жайы болмаған жағдайда, сондай-ақ тұрақты тұратын жерінде тіркелгенін растайтын құжатты (Азаматтарды тіркеу кітабы не мекен-жай бюросынан анықтама);
4) Қазақстан Республикасының "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексінде белгіленген баждар мен алымдарды төлеу туралы құжаттар;
5) Мыналарды:
салық төлеушілер үшін – Салық кодексінде белгіленген тәртіппен көлік құралдарына салықтың төленгенін;
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық төлеушілер болып табылмайтын тұлғалар үшін – салық төлеуден босату құқығын растайтын құжаттарды;
6) шаруашылық жүргізуші субъектіні тіркеу туралы куәлік немесе заңды тұлғаның тіркелгенін растайтын өзге құжат;
7) көлiк құралының тiркеу құжат ұсынылған жағдайда байқау жүргiзiлмей, есептен шығарылады.
Тiркеу құжаттары мен нөмірлiк белгiлері тiркеу пунктiне тапсырылады. Жойылатын көлiк құралдарына тiркеу құжаттары немесе нөмірлiк белгiлерi болмаған жағдайда арыздарда оларды жоғалтудың мән-жайлары көрсетіледі.
Тіркеу құжаттары (КҚТК) болмаған кезде көлік құралдарының иелері және мұрагерлікке құқық туралы куәліктің, сатып алу-сату, сыйға алу, айырбастау шарттарының, көлік құралдарын есептен шығаруға және оларды сатуға сенімхаттардың негізінде әрекет ететін адамдар өтініш білдірген жағдайда, арыздарда оларды жоғалтудың мән-жайлары көрсетіледі, көлік құралдары есептен КҚТК телнұсқасы берілмей шығарылады, бұл ретте негіздер КҚТК телнұсқасын беру сияқты тексеріледі және ол тіркелген меншік иесінің көлік құралына растау анықтамасы беріледі.

Адина А, заңгер
meninkyzmetim.ucoz.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста