Фирманың атын өзгерту үшін не істеу керек?

Фирманың атын өзгерту үшін не істеу керек?

Фирмамның аты мен тұрғылықты жерін өзгерту үшін не істеуім керек? Оған қандай құжаттар өткіземін және неше күнде бітіруге болады?

Айсылу, Алматы қаласы

Алматы қаласы Әділет департаменті мамандарының айтуынша, аталмыш департамент сіздің сұрағыңызға ҚР Азаматтық кодексінің 42 бабының 6 тармағына орай заңды тұлға атауы өзгеруіне байланысты мемлекеттік қайта тіркеуге міндетті екен. Мемлекеттік тіркеуге құжаттарды аудандық Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тапсыру керек. Ол үшін:
1. Белгіленген үлгіде заңды тұлғаның қайта тіркеуі туралы арызы;
2. Құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер туралы, сондай-ақ құжаттарды/жарғыны/ бекіту туралы мүлік иесінің немесе оның өкілетті органының шешімі /жалпы жиналыс хаттамасы;
3. 3 дана жаңа редакциядағы құрылтай құжаттар /қазақ және орыс тілдерінде / немесе бұрынғы құжатқа қосымша текст /егер құрылтай құжаттар нотариальды куәландыруды қажет еткенде, міндетті түрде куәландыру қажет;
4. Бұрынғы құжаттардың түп нұсқалары /заңды тұлға жарғысы, мемлекеттік тіркеу /қайта тіркеу/куәлігі, салық төлеуші куәлігі т.б. құжаттарды өткізуі тиіс. Сондай-ақ, «Жалпы фирма аты және мекен-жайы өзгерген жағдайда жаңа қонысын растайтын құжаттар ұсынылады. Бұл құжаттарға жалға беру келісім шарты және тіркеу органында тіркелген жылжымайтын мүлік иесінің меншігін растайтын құжаттар болуы мүмкін. Мемлекеттік қайта тіркеу мерзімі құжат ұсынушы заңды тұлғаның құқықтық ұйымдастыру тұрпатына байланысты —1,3,7 және 11 жұмыс күндерінде жүргізіледі»,- дейді мамандар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста