Сұрақ-Жауап. Кеңес

Ғалымдар ерлердің иісі әйелдерге қалай әсер ететінін анықтады

  • Ғалымдар ерлердің иісі әйелдерге қалай әсер ететінін анықтады

    Ғалымдар ерлердің иісі әйелдерге қалай әсер ететінін анықтады

Канададағы Британиялық Колумбия университетінің психологтары ер адамның иісі серігінің күйзелісін төмендететінін анықтады. Олардың материалын MedXpress журналы жариялады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі ria.ru басылымына сілтеме жасап.


Зерттеуге 96 жұп қатысты. Ерлерге таза жейде берілді. Олар оны бір тәулік бойы киіп жүруі тиіс болды. Сонымен қатар, дезодорант пен хош иісі бар химияны жағуға, темекі тартуға тыйым салынды. 24 сағаттан кейін жейделер өз иісін сақтап тұру үшін қатырылып тасталды.


Кейін әйелдерге сараптамаға қатысушы басқа ерлердің (өз сүйіктілерінің емес) киген жейделерін иіскетті.


Осыдан кейін нәзік жандылар күйзеліс тестін тапсырды. Онда математикалық тапсырмалар болды және олар өздерінің көңіл-күйіне қатысты сұрақтарға жауап берді. Организмдегі кортизол (күйзеліс гармоны) деңгейін өлшеу үшін әйелдердің сілекейіне талдау жасалды.


Сараптама деректеріне сәйкес, ғалымдар өз сыңарларының жейдесін иіскеген әйелдердің көңілі орнында болғанын анықтады. Оларда кортизолдың ең төмен деңгейі тіркелген. Ал, өзгенің жейдесін иіскегендер күйзеліске түсіпті. Мамандар мұндай заңдылықтарға эволюциялық факторлар әсер етеді деп отыр.


«Кішкентай кезінен бастап адамдар бейтаныс адамнан, әсіресе ер адамнан сескенеді, тартынады. Сондықтан бөтен адамдардың иісі организмде «ұр немесе қаш» деген реакция туғызуы ықтимал. Ал, ол кортизол деңгейін көтереді. Бұл саналы түрде болмауы мүмкін», - деді зерттеу авторларының бірі Марлиз Хофер.




Көрілген: 790    Пікірлер: 0

жұма, 05.01.2018, 12:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Маусым, 12:18
    Асыл тастың қасиеті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30