Ғалымдар иттердің қандай адамдарды қабатынын анықтады
Иттер көбіне эмоционалдық күйі тұрақсыз адамдарды қабады екен. Бұны Ливерпуль университетінің ғалымдары анықтады.
Иттер көп жағдайда бейтаныс адамдарды, көңіл-күйі түсіңкі адамдарды қабады екен. Сауалнама Англияның солтүстік-батысындағы Чешир қаласының тұрғындарының арасында жүргізілген. Респонденттер психологиялық шаршау кезінде өздеріне иттердің шабуыл жасаған, жасамағанын айтқан.