Сұрақ-Жауап. Кеңес

Ғалымдар қанша тамақ жесең де, семірмеудің амалын тапты

  • © caravan.kz

    © caravan.kz

Көзді емдеуге пайдаланылатын дәрі-дәрмектер семіздіктің де алдын алады, дейді зерттеушілер.


Су қараңғылықтан (глаукома) емдейтін дәрі-дәрмектің құрамындағы заттар негізінен майлы тамақ жейтін адамдардың артық салмақ жинамауына септігін тигізеді, деп хабарлайды РИА Новости The Independent басылымына сілтеме жасап.


АҚШ-тың Йель университетінің ғалымдары анықтағандай, белгілі бір гендарды алып тастағанда, ішек жасушалары май молекулаларын ағзаға жібермейді. Ағзасында сондай гендер мүлдем жоқ тышқандарды сегіз апта бойы майлы тағаммен қоректендірсе де, олар артық салмақ жинамаған, ал қарапайым тышқандар көп ұзамай семіздікке шалдыға бастапты.


"Майлар нәжіспен бірге ағзадан шығарылып, қан айналымы жүйесіне түспеген, сол себепті тышқандар майлы тамақ жесе де, еш семірген жоқ", — деп түсіндіреді зерттеушілердің бірі Фэн Чжан.


Зерттеушілер дәл осындай нәтижеге қол жеткізетін препараттар тобын анықтапты. Оларды адамдар бұрыннан қолданады екен. Көбінесе глаукома (су қараңғылықты) емдеуге пайдаланылады. Осы дәрі-дәрмекті тышқандардың ағзасына енгізген кезде де, ішектегі майды сору процесі тоқтап қалған.


Ғалымдардың айтуынша, осы дәрі-дәрмектердің негізінде болашақта семіздікке қарсы препараттар ойлап табуға болады. Дегенмен адамдар пайдаланған кезде жанама әсері де тиюі мүмкін, мәселен, пайдалы заттарды ағзаға сіңіруге кедергі жасайды, дейді зерттеушілер.


sputniknews.kz

 




Көрілген: 1635    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.08.2018, 15:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан, 00:07
    Ақ түстің энергиясы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31