Сұрақ-Жауап. Кеңес

Ғалымдар салмақ тастау үшін қай уақытқа тамақтану керек екенін анықтады

  • © odessa1.com

    © odessa1.com

Таңғы асты кештеу және кешкі асты ерте ішу салмақ тастауға көмектеседі. Бұл туралы Британиядағы Суррей университетінің ғалымдары жүргізген тәжірибе кезінде анықталды. Зерттеуді Nutritional Sciences журналы жариялады.


Тәжірибеге 29-дан 57 жасқа дейінгі 16 адам қатысты. Олар тамақтану рационына қатаң шектеу енгізген жоқ, бірақ олардың тоғызы таңғы асты әдеттегіден бір жарым сағат кешіктіріп, кешкі асты бір жарым сағат ерте ішті. Нәтижесінде тамақтану уақытын өзгерткен адамдар бұрынғы кестемен тамақтанатындарға қарағанда екі есе азып кетті. Сондай-ақ, бірінші топтағылар тәбеті төмендеп, күні бойы тұтынатын тамағының көлемі азайғанын мәлімдеді.


"Біз зерттеу барысында мұндай тамақтану кестесін сақтау отбасымен және қоғамдық өмірмен үйлесім таба бермейтінін байқадық. Дегенмен оны сақтауға әрекет етуіміз керек, өйткені бұл диета пайдалы екені сөзсіз", — дейді Суррей университетінің докторы Джонатан Джонстон.


Sputnik


 




Көрілген: 720    Пікірлер: 0

жексенбі, 02.09.2018, 17:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31