Газет ашу үшін не істеу керек?

Газет ашу үшін не істеу керек?

Мен өз күшіммен жекеменшік газет ашып, оны Мәдениет және спорт министрлігінде тіркетіп, басылымды апта сайын шығарып тұрсам деймін. Ол үшін не істеуім керек? Оған қандай құжаттар талап етіледі?

Берік, Шымкент қаласы

Мерзімді басылымды есепке қою үшін жекеменшік иесі Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 11- бабына сәйкес уәкілетті органға (Мәдениет және спорт министрлігіне) өтініш беру қажет. Аталмыш өтінішке: жеке тұлғалар үшiн - кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі; заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, құрылтай құжаттарының нотариалды түрде куәландырылған көшірмелері; - бюджетке алым төленгенін растайтын құжат қоса тіркеледі. Өтініш пен қоса берілетін құжаттар уәкілетті органға келіп түскеннен күннен бастап он бес күн аралығында қаралуға тиіс. Ал баспасөз басылымының жарыққа шығу жиілігі өтініште көрсетілуі бойынша анықталады. Сондай-ақ жоғарыда аталған Заңның 12-бабына сәйкес, басылымның таралымы жүз данадан кем болмауы тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста