Хайп, креатив, тренд, респект...

Хайп, креатив, тренд, респект...

Заманауи жаңа терминдерді де біле жүріңіз 

Бүгінде айналымға мағынасын көпшілік адам түсіне бермейтін сөздер көптеп еніп жатыр. Сондықтан біле жүргеннің зияны жоқ деп олар туралы бірқатар түсіндірмелер жариялауды ұйғардық. Сонымен... 

Хайп – шу шығару, таңқалдыру арқылы жарнама жасау, ел назарын өзіне аудару, халықтық талқыға түсетін іс-әрекет жасау.

Онлайн – 1) тек ғаламтор арқылы көрсетілетін қызмет түрі; 2) компьютерлік техникадағы құрылғылардың және ғаламтор желісінің қосулы күйде тұруы. 

Офлайн – «онлайн» сөзінің қарама-қарсы мағынасы, компьютерлік техникадағы құрылғылардың және ғаламтор желісінің сөндірулі тұруы. 

Вебинар – онлайн-конференция. Белгілі бір тақырыпта өткізіліп жатқан сабақты онлайн-режимде көру. Мұнда көріп отырып онлайн-чат арқылы сұраққа жауап алу, аудио және бейне байланысқа шығу мүмкіндігі бар. 

Стартап (ағылшыншадан аударғанда «іске қосу, бастап кету» деген мағынаны білдіреді) – жаңадан ашылған, даму жолындағы компания. Оның заңды құжаттары әлі ресімделмеген болуы мүмкін. 

Ақпарат технологиясы (ағылшын тілінде «іnformatіon technology», қысқаша «ІT») – қазіргі компьютерлік технология негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен техникалық құралдар жиынтығы. 

Бот («робот» сөзінің қысқартылған нұсқасы) – адамдарға арналған интерфейс арқылы автоматты түрде немесе белгіленген кесте бойынша әлдебір әрекеттер жасауға арналған арнайы бағдарлама. 

Креатив – дәстүрлі әдет-ғұрыптан мүлдем бөлек, бұрын қолданылмаған шығармашылықтағы тың тәсілдер мен әдістерді жасап шығару, тудыру. 

Челлендж – блогер бейнекамера алдында белгілі бір тапсырманы орындай отырып (оның ішінде адам ойына келмейтін, жасауға болмайтын, өмірге қауіп төндіретін тапсырмалар да болуы мүмкін), оны ғаламторға салу арқылы келесі бір адамға соны қайталауды ұсынатын интернет-роликтің бір түрі. 

Лайфхак – адамға уақытты, қаржыны үнемдеу және күнделікті өмірлік, тұрмыстық жағдайдағы кей іс-әрекеттерді оңайлату, шешімін табу мақсатында көмектесетін пайдалы кеңес. 

Фронт-офис – мекемелердің жұртпен тікелей байланыста жұмыс істейтін бөлімі. 

Тренд (ағылшын тілінен аударғанда «үрдіс» дегенді білдіреді) – белгілі бір бағыт немесе салада орын алған өзгеру үрдісі. 

Трендте болу – белгілі бір бағыт немесе саладағы орын алған өзгерістерден хабардар бола отырып, соның ағымына сай жүріп-тұру. 

Бренд – өзінің даралығын көрсететін сауда белгісі немесе таңба. 

«Ақылды қала» – тұрғындардың өмір салтын жақсарту және жеңілдету мақсатында қолданылатын заманауи технологиямен жасақталған қала. 

Вайн – түрлі тақырыптағы әзілдерді көрсететін қысқа бейнеролик. 

Вайнер – вайн жасайтын адам. 

Пилоттық жоба – тың идеяларды тексеріп көру үшін қолданылатын жоба. 

Респект (ағылшын тілінен аударғанда «құрметтеу» деген мағынаны білдіреді) – құрмет білдіру, ризашылық таныту. 

Фейк – «өтірік, жалған, алдамшы» деген мағынадағы ағылшын сөзі. Бұл – желіде тіркелген жалған парақшалар, сайттар, өтірік жаңалықтар мен мәліметтер. 

Пранк – адамды алдай отырып әзілдеу, қалжың ойын. 

Ноу-хау (ағылшыншадан аударғанда «қалай екенін білу») – көпшілік әлі біле бермейтін, бұрын болмаған ерекше технологиялар, білімдер мен қабілеттер. 

Хай-тек – 1) жоғарғы технология; 2) архитектура және дизайн стилі. 

Контент-менеджер – сайттың жасалуын, мазмұнын бақылап, оны мәтін, сурет және басқа да ақпарат түрлерімен толықтырып отыратын адам, сайт редакторы. 

3D – (ағылшынша «dіmensіons» – өлшем) – бейнені үш түрлі өлшемде көрсету. 

Дайындаған – М. БИБОЛ.

www.zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста