Жаңа жылға арналған құттықтау тілектер

Жаңа жылға арналған құттықтау тілектер

Жаңа жыл жақындаған сайын жүрегімізде ерекше толқыныс пайда болып, келер жылға дайындық жасаймыз. Ит жылына аяқ басқалы тұрмыз. Әр жылдың өзіндік ыстық естеліктері бар. Жыл жақсылығымен келсін! Жаңа жылға арналған құттықтау тілектер топтамасына кезек берейік!

***

Жаңа жылыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Келер жаңа жыл сіздің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстарға кенелтсін. Жаңа жыл жағымды жаңалықтарға толы болсын! Отбасыңызға амандық, береке, жұмысыңызға сәттілік тілеймін! Келесі жаңа жылда да осындай тәтті тілек айтып тұруды жазсын!

***

Әр жылдың өзіне тән ерекшелігі бар. Бұл жыл сіз үшін де, біз үшін де табысты жыл болды деп ойлаймын. Алдағы жылы бұдан да үлкен табыстарға жетуді нәсіп етсін! Әрдайым жақсылықтың жаршысы болып жүре беріңіз. Бәріміз үшін ең қымбаты – өз отбасымыз. Сондықтан да отбасымызбен, төрт көзіміз түгел келесі жаңа жылды да дәл осылай қарсы алайық! Жаңа жылыңызбен!

***

Жаңа жыл бақытты болашаққа үміт, игі іс атқаруға жігер сыйлайды. Бұл жылды жаман өткізген жоқпыз деп ойлаймын. Жаңа жылды қарсылай алмай кеткен жандар да қаншама... Біз бақыттымыз. Осындай бейбіт, тыныш заманда, берекелі шаңырақта шаттықтан жүзіміз бал-бұл жайнап, ақжарма тілегімізді айтып тұрмыз. Осының өзі үлкен бақыт деп есептеймін. Көңіліміз кірлемесін! Бір-бірімізге деген сеніміміз сөнбесін! Тек жақсы үмітпен толағай табыстарға жете берейік. Жаңа жыл құтты болсын!

***

Бір жыл зулап өте шықты. Жаңа жылды қарсы алар уақытта әр адам өзіне есеп береді. Қаншама іс атқардық, қаншасын атқарып үлгермедік. Еш өкініш жоқ. Тәңірдің бергенінен берері көп болғай! Ең бастысы – жақсы көретін жандармен бір дастарханда шаттанып отырмыз. Айтатын тілек көп. Осы кезге дейін бірге болып, қуанышта қасымнан табылып, қиындықта қолдау білдірген жайсаң жандарға алғыс айтқым келеді. Лайым отбасымызда жақсылық болсын! Ел іргесі бүтін болсын! Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

***

Жаңа жыл... Жаңа үміт... Жаңа бастама... Енді бәрі жаңадан басталады. Тауық жылына еш өкпе жоқ. "Ит – жеті қазынаның бірі" дейді қазақ. Жаңа ит жылы табыстарға бастасын. Жүрегіміз қарайып кетпей, сенімдерге дақ түспей, көңілдерді кір шалмасын! Жанымыз жүдемесін! Жаңа жыл әр отбасына ырыс пен құт әкелсін!

Дереккөз: massaget.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста