Сұрақ-Жауап. Кеңес

Жігіттер алтыға бөлінеді

  • Жігіттер алтыға бөлінеді

    Жігіттер алтыға бөлінеді

Әйел затын түсіну қиын деп жатамыз. Алайда ер адамдар да әйелдер үшін жұмбақ болып келеді. Бір-бірін жеткілікті танымағандықтан, ер мен әйел арасында түсініспеушіліктер жиі туындап тұрады.


Ер адамға ғашық көзбен қарайтын әйел оның кемшіліктерін көрмей жатады. Ондай жағдайда адам типологиясын психологиялық тұрғыда талдау көмектеседі. Ер адамдардың негізгі типтері қандай?


Отағасы


Бұл ердің қолынан келмейтін нәрсе жоқ. Ол үй шаруасына епті, жөндеуді сапалы жасай біледі, саяжайды ұқыпты ұстай алады. Жазда қысқа дайындалып, үйге қажетті заттарды сатып алады. Балалармен ойнап, жуындырып, сабағын қадағалап, ұйықтата да алады. Әйелі шаршаса, көмектесуге дайын. Мұндай ер адам жұмыссыз не жұмысының табысы әйелінен азырақ болуы мүмкін. Мансапта жолы болмағандықтан, жасқаншақтау болуы мүмкін. Әйелін қызғанатындықтан, жиі ұрыс-керіс туындап тұрады.


Өз ісінің шебері


Ол өте ақылды, мақсатқа берік әрі ой-өрісі дамыған. Өз мамандығының майталманы. Алайда үй шаруасына жоқ. Отбасы мәселесі де ауырлау болады. Себебі оның «уақыты жоқ». Дегенмен, ол жарына адал болады. Отбасының жанында көп бола алмғандықтан, үй мәселелеріне де араласпайды. Жанұясының алдында өзін кінәлі сезінеді.


Кәсіпкер


Оның табысы мол. Сараң, ақша аяйтын адам емес. Ол барлық уақытын жұмысқа арнап, тіпті, түнімен кеңседе отыруы мүмкін. Мұндай типті жігіттің жары бар уақытын қымбат салон, дүкендерде өткізіп, кешке күйеуін сағынумен болады. Кәсіпкер өзін күйеу емес, маман ретінде қалыптастырғандықтан, қалай «жар, әке» болу керектігін де білмейді. Салдарында өзін жалғыз сезінеді.


Билікқұмар


Бұл тип әдетте жоғары лауазым иесі болады. Жұрттың бәрі оған бас иіп келуі керек деп санайды. Кімге не істеу керектігін бұйырғанды жақсы көреді. Жанындағы әйелді басынуға тырысады. Өзіне бағынбаған әйелге ашуы қатты. Жан-жағындағы нәрсенің бәрін бақылап, билегісі келеді. Балаларымен қарым-қатынасы ауыр.


Қызқұмар


Оның жұмсақтығы мен тартымдылығы кез келген қыздың басын айналдырады. Ол барлық әйел затына ұнаудың жолдарын біледі. Әдемі сөйлей алады әрі жүріс-тұрысы да тартымды. Мұндай типті жігіттің бір әйелге адал болуы сирек кездесетін жағдай. Ол қыздарды жиі «ауыстырады». Өзіне ғашық болғанын көрген бойда ғайып болады. Атағы жаман болғанмен, басқа ерлер көре алмай, қызғанады.


Хоббисүйгіш


Оның өмірі хоббиімен тығыз байланысты. Бар уақытын қызығатын нәрсесіне арнайды. Оған қатысы жоқ дүниеге мүлде қызықпайды. Жары өмірінің мәні бола алмайды. Керісінше, өзінің сүйікті ісімен айналысуға бөгет ететін «субъект» саналады. Олардың арасында түсініспеушіліктер жиі туындап тұрады. Алайда әйелі оған мейірімді болуға тырысады. Ол мансапқор емес, бірақ ісіне бөгет еткенді ұнатпайды.


reactor.inform.kz




Көрілген: 1277    Пікірлер: 0

жұма, 22.06.2018, 20:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Маусым, 10:51
    Адамның 7 тазалығы
    26 Маусым, 11:43
    Түс жору
    12 Маусым, 12:18
    Асыл тастың қасиеті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31