Сұрақ-Жауап. Кеңес

«Жиенқұрық» дегенді қалай түсінеміз?

Жиеннің нағашыларында қырық серкеші болады дегенді білетін едім. Жақында Талдықорған жақтағы ауылда тұратын нағашыларыма барғанда, атамның аузынан «жиенқұрық» деген сөзді естідім. Осы сөздің мағынасын түсіндіріп берсеңіздер. 

Нұрлан Төлегенов,
Алматы қаласы


Жалпы, қазақ халқы қыздан туған баланы «жиен» деп атап, оны қатты құрметтеген. Қыз баланы жат жұрттық деп есептегенмен де, жиендерін жат болып кетпесін деп үнемі үйіне қонаққа шақырып, оны тік тұрып күтіп алуды мәртебе санаған. «Жиенді ұрғанның қол-аяғы қалтырайды» деп ырымдайтын да біздің ел. Жиен ес біліп, етек жапқан сәттен оны нағашылары қамқорлыққа алып, нағашы атасы оған үйірлі жылқы ішінен бір тай атайтын болған. Оны  бәсіре тай немесе «жиенқұрық» деп  айтады. Яғни жиен құрық салған тай деп есептеледі. Аталып қойған тайды союға, иә болмаса басқа адамға беруге болмайды. Жиен үшін де нағашысы сыйға тартқан жылқының орны ерекше болған. Нағашысы берген бәсіремен топ жарып, бәйге алған шабандоздар, аң аулап, құс салған әйгілі саяткерлер, сал-серілер ел ішінде көптеп кездескен. «Үйдің жақсы болмағы ағашынан, ұлдың жақсы болмағы нағашыдан» деген сөз осындайда айтылса керек.




Көрілген: 1142    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.06.2010, 09:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31