Жұмысқа қайта шақырылғанда өтемақы қалай төленеді?

Жұмысқа қайта шақырылғанда өтемақы қалай төленеді?

– Мен кезекті еңбек демалысына шыққаннан кейін арада бес күн өткенде жұмысқа қайта шақырды. Осы орайда менің білгім келгені, қызметкер еңбек демалысында жүргенде жұмысқа қайта шақырылса, өтемақы қалай төленеді? Заң бойынша жұмысқа шықпай қоюға құқығым бар ма?

Ермаханбет, Ақтөбе облысы

Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы маманының мәліметінше, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 109-бабына сәйкес, жұмыс берушi жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын тек қызметкердiң жазбаша келiсiмiмен ғана үзуi мүмкiн. Қызметкердiң жұмыс берушiнiң ұсынысынан бас тартуы еңбек тәртiбiн бұзу болып табылмайды.
Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алуға байланысты пайдаланылмаған бөлiгi еңбек шарты тараптарының келiсiмi бойынша ағымдағы жыл iшiнде немесе келесi жұмыс жылында кез келген уақытта берiледi не келесi жұмыс жылындағы жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қосыла­ы. Қызметкердi жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алған кезде демалыстың пайдаланылмаған бөлiгiн басқа уақытта берудiң орнына қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiсiм бойынша қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлiгiнiң күндерi үшiн өтемақы төлемi жүргiзiлуi мүмкiн. Бұл ретте, егер қызметкер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы кезеңіне сақталатын орташа жалақыны толық (еңбек демалысының барлық күндеріне) алған жағдайда аталған өтемақы төлемi жүргiзiлмейді.
Ал жалақы қызметкерге жұмысқа шыққан күннен бастап есептелуі тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста