Сұрақ-Жауап. Кеңес

Жұмыста бұл сөздерді айтпаңыз

  • © reactor

    © reactor

Айналаңызға мән беріп қарасаңыз, адамдардың өздеріне ғана тән сөйлеу мәнерінің, мінезінің бар екенін байқайсыз. Осыларға қарап оның өзіне қаншалықты сенетіндігін, жүрген ортасындағы дәрежесін байқауға болады. Бірі үнемі өзгелердің өтінішін орындап, өзіне деген сый-құрметтен айырылса, енді бірі керісінше өзінің табанды, сөзі өтімді қызметкер екенін көрсетеді. Сіздің осылардың ішінде қайсысына жататыныңызды білмейміз. Десе де төмендегі сөздерді мүлдем айтпауға тырысқаныңыз жөн.


1. «Сіз мынаны былай істеп жіберсеңіз қалай болады екен?»


Егер өзіңізден жасы кіші қызметкерді құжаттардың көшірмесін жасап келуге жібергіңіз келсе, жоғарыдағы сөздерді айтудың қажеті жоқ. Бұл сіздің сенімсіздігіңізді білдіреді. Оның орнына қарапайым «өтініш» деген сөзді қолданыңыз.


2. «Бұл жүзеге аспауы мүмкін, бірақ...»


Үлкен компаниялардың басшылары жүзеге аспайтын дүниенің не себепті жақсы идея деп саналуы тиіс екенін түсінбейді. Ұялудың қажеті жоқ, ойыңызды ашық және нақты айтыңыз.


3. «Мен … деп ойлаймын»


Бұл сөздер бастығыңызды ашуландырады әрі тағы да өзіңізге сенімсіз екеніңізді көрсетеді. Оны «Мен … деп есептеймін» деген сөздермен алмастырғаныңыз орынды.


4. «Мен кешірім сұраймын»


Әдетте адамдар бұл сөздерді жиі әрі орынсыз айтады. Өйткені кешірім біреуге қиянат жасалған кезде айтылуы тиіс. Бірақ біздер оны өтініш айтатын кезде де қолданамыз. Егер, расымен де, айыпты болсаңыз, бастығыңызға бірнеше нұсқа ұсынып, мәселенің басын ашып алыңыздар. Бастықтар кешір деген сөзге қарағанда, айыбын түзету үшін жасалған әрекетті жөн көреді.


5. «Бір сұрақ»


Бұл сөз сіздің де, әріптестеріңіздің де уақытын шығындайды. Мұның орнына «Мен сіздермен бір жұмысты ақылдасайын деген едім» немесе «Құжаттарды қайдан табуға болады?» сынды сөздерді айтыңыз.


6. «Әрине, оқасы жоқ»


Біреу сізге өтініш айтса, «әрине, оқасы жоқ» деп жауап қайтаруға асықпаңыз. Әріптестеріңіз мінезіңіздің жұмсақтығын пайдалана беретін болады.


7. «Қолымнан келсе, жасап көрейін»


Айналаңыздағы адамдар сізден бір іске талпынуыңызды сұрап тұрған жоқ. Талпынысыңыз сіздің өзіңіз үшін керек. Егер берілген тапсырманы уақтылы орындай алмасаңыз, бастығыңызбен күн тәртібі туралы әңгімелесіп көріңіз. Қай істің маңыздырақ екенін анықтаңыз.


Ең бастысы, қызметте сыйластықты жоғары қоюға тырысыңыз. Өйткені бұл бар болғаны жұмыс. Ал жұмыстың жеке өмірге немесе достыққа ешқандай да әсері жоқ. 


reactor




Көрілген: 1888    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.06.2018, 18:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30