Сұрақ-Жауап. Кеңес

Жүргізуші куәлігін алу енді тіпті оңай болды!

  •  © patrul.kz.

    © patrul.kz.

Оңтүстік астананың ІІД-інде жүргізуші куәлігін алуға, тіркеуге және қайта тіркеуге қатысты енгізілген өзгерістер туралы әңгімелеп берді. Бұл шаралар айтарлықтай жеңілдетілген, оның рәсімдеу уақыты да мейлінше қысқартылған, деп хабарлайды patrul.kz.


Өткен жылы алматылықтар көп сұраныстағы мемлекеттік нөмерлердің 1500 комплектісін алған. Бұл үшін олар 540 миллион теңгеден астам ақша төлеген.


ІІД-інде сонымен қатар көліктерді тіркеу және жүргізуші куәлігін алу ережелеріне енгізілген өзгерістер туралы хабарлады.


«Айта кететін болсақ, көліктерді тіркеп, жүргізуші куәлігін алуда қажетті болған құжаттардың саны қысқартылған (мысалы, мекен-жайлық анықтама, салықтар мен алым, баждарды төлегенді растайтын қағаздар, заң тұлғалардың құрылтайлық құжаттары сияқты тағы басқаларды ұсыну енді керек емес); жаңа автомобильдердің тіркеу куәліктерінің көшірмесі берілгенде және көлік иесінің аты-жөні өзгергенде немесе көліктің құрылғылары ауыстырылғанда көлік тексеріліп қаралмайтын болады; жүргізуші куәлігінің мерзімі шыққанда ЖҚЕ білуге қатысты емтихан алынбайтын болады; «Электрондық үкімет» порталында жүргізуші куәлігін ауыстыру қызметі ашылды. Тапсырыстар мен құжаттардың көшірмелерін жүргізушілер енді Интернет арқылы беріп отырады, арнайы ХҚКО-на олар тек дайын куәлікті алу үшін келеді», - деп түсіндірді Алматы қ. ІІД Әкімшілік басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Мұратәлиев.


Сонымен қатар, Ж.Мұраталиевтың мәлімдеуінше, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап көп сұраныстағы мемлекеттік нөмерлердің қатары 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 нөмерлерімен және бірдей әріптерден тұратын белгілермен толықтырылатын болады. Олардың құны 138 768 теңгеге (АЕК-тің 5700 пайызы) бағаланып отыр.


Әріптері бірдей 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 деген мемлекеттік нөмерлер 274 170 теңге (АЕК-тің 11 400 пайызы); ал бірдей әріпті 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 деген нөмерлер– 466 570 теңге (АЕК-тің 19 400 пайызы); сондай-ақ бірдей әріпті 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 нөмерлер – 685 425 теңге (АЕК-тің 28 500 пайызы) тұратын болады.


«Сонымен қатар көлікті тіркеуге және жүргізуші куәлігін алуға қатысты мемлекеттік қызметтердің мерзімін қысқартып, сапасын арттыру мақсатта ІІМ азаматтар үшін автокөліктерге берілетін бос және көп сұраныстағы мемлекеттік нөмерлерін Интернет арқылы қарап, таңдап, оған тапсырыс беруге мүмкіндік беретін онлайн –қызметін ендіруді жоспарлап отыр; және көліктің тіркелу куәлігінің көшірмелерін, мемлекеттік нөмерлер мен жүргізуші куәлігін алу және мерзімі аяқталғанына байланысты ауыстыру қызметтерге «Электрондық үкімет» порталы арқылы тапсырыс беруге болады.


Сондай-ақ, дайын құжаттарды немесе мемлекеттік нөмерлерді алу үшін кез келген ХҚКО-ын немесе арнайы ХҚКО-ын таңдауға мүмкіндік берілетін болады; және «Электрондық үкімет» порталы арқылы көлік құралының тіркелуі және есептен шығарылуы туралы ақпараттық анықтамаларды алуға болады», -деп түйіндеді сөзін полковник Мұратәлиев. 


patrul.kz




Көрілген: 3859    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.01.2018, 13:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31