Қан алдыру немесе хиджама қаншалықты пайдалы?

Қан алдыру немесе хиджама қаншалықты пайдалы?

Хиджама жасау кезінде адам бойындағы қан алмасу жақсарып, арам қандар сыртқа шығады, барлық жасушалары жаңарып, ағзаға оттегі мен нәрлі заттар тарайды.
Қазіргі таңда адам ағзасының құрамы дәрі-дәрмектердегі химиялық заттарға тәуелді. Ағзаны тазарту үшін артық қан алдыру керек. Өйткені, хиджама процедурасы қан айналымын жақсартады.

Хиджама қауіпті ме?
Қан алу әдісі Қазақстанда 2000 жылдары басталған. Ал Сирия, Мысыр, Сауд Арабиясы секілді мұсылман елдерінде хиджама өте жақсы дамыған. Тілімнің жасалу жерлеріне қарай хиджама үш түрге бөлінеді. Бірінші түрі – құрғақ хиджама, яғни ол қан шығарусыз жасалады. Бұл әдіс көп қолданылмайды. Екінші түрі – күре тамыр хиджамасы. Оны варикоз секілді сырқаттарды емдеуде қолданады. Соңғы түрі – тілдің астына жасалатын хиджама. Хиджаманың бұл түріне ішкі ағза мүшелерін, бас ауруларын емдеу кезінде жүгінеді. Айта кететін жайт, хиджама мамандарының көбісі емдеу кезінде Құран оқиды немесе таспаларды қосады екен.

Қан алдырудың ешқандай кері әсері болмайды. Өйткені, Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мұның адам ағзасына пайдалы екенін айтып кеткен. Хиджаманы үлкен-кіші бәріне де сондай-ақ жүкті әйелдер мен емшектегі баласы бар аналарға да қолдануға болады деген. Тіпті әйелдер хайыз және нифас кезінде де қандай да себептермен хайыз келмеген себептерде де жасай алады. Кішкентай сәби балалар шетпе болып ауырған кезде де ата-бабаларымыз олардың арқа тұсынан қан алатын болған.

Хиджама қандай ауруларға көмектеседі?
Мойынға жасалған хиджама бас ауруына, құлақ, тамақ, мұрын және тіс ауруларына, уланған жағдайда көмектеседі. Басқа жасалған хиджама – психикалық ауруларға (күйзеліс), тіс ауруына, әлсіздікке, бас сақинасына, көру және есту қабілетін жақсартуға, ми қабынуына пайдасын тигізеді. Сондай-ақ, тіс ауруын банканы иекке қою арқылы емдейді. Осы арқылы түрлі микробтар мен бактериялар жиналатын ағзаның ең лас аймағы – ауыз қуысы тазаланады. Табанда іріңді жазылмайтын жара болса, банканы аяқтың артқы бөлігіне қояды. Етеккірдің кешігуі және жамбас, сан жүйкесінің қабынуы кезінде хиджама өкшеге жасалады. Ішек аурулары, семіздік, қан айналым жүйесінің бұзылуы, бронх демікпесі жағдайында бөксеге жасалады.

Алайда, хиджама кез келген аурға ем бола бермейді. Мұндай әдістер дұрыс жасалмаған жағдайда ағзаға үлкен зиян тигізуі де мүмкін. Сондықтан да, хиджаманы арнайы маманнан кеңес алғаннан кейін ғана, білімді, тәжірибелі адамға жасатқан дұрыс.
Нені ескеру керек?
Хижаманы белгілі бір тәжирибесі бар мамандарға жасатқан жөн. Себебі, оның жасау жолдарын білмеген адам керісінше адам денсаулығына зиян келтіреді. Әсіресе, денеден бөлініп шыққан қан адамның ағзасына кетіп қалудан сақтану керек. Хиджама жасауда өзінің денеде арнайы белгілі нүктелері болады. Аурудың бетін қайтару үшін сол нүктелерді айқындау керек. Себебі, кез-келген нүктеден қан алу адамның денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Хиджаманы қай уақытта жасаған дұрыс десек, Алла елшісі пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) Анас (Алла оған разы болсын!) жеткізген хадисінде: “Қан алғызу мен емделуге ең жақсы уақыт – ол айдың 17, 19, 21-ші күндері”,- делінеді. Сонымен қатар, Ибн Омардың (Алла оған разы болсын!): “Қан алуды ең дұрысы аш қарынға жасау керек. Хиджама есте сақтау қабілетін жақсартады, сана-сезімді айқындайды. Оны жасар алдында Алланың есімін еске алыңдар. Оны бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері жасатпаңдар, дүйсенбі, сейсенбі күндері қолданыңдар”,- делінеді.
Кімдерге қан алдыруға болмайды?
Хиджаманы қан қысымы төмен, аурудан енді айыққан, әсіресе отадан кейін шыққан адамдарға, қант диабеті, бүйрек ауруына шалдыққандарға, жүктіліктің алғашқы 4 айында жасауға болмайды. Дұрыс жасалмаған хиджаманың арты қатерлі болуы мүмкін. Елімізде хиджама жасаушыларға арнайы лицензия берілмейді. Хиджама мамандары егер Қазақстанның халық емшілері ассоциациясынан куәландыратын құжат болса, оны алуға болады деп есептейді.

Хиджама барлық ауру түрлеріне ем бола бермейді. Асқынып кеткен немесе жаңа заман індеттері саналатын ЖИТС (СПИД), онкология секілділерге хиджама көмек бере алмайды. Адам жеңілдік сезінуі мүмкін, бірақ толыққанды айығып кетпейді. 

baribar.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста