Қан қысымының көтерілуіне не себеп?

Қан қысымының көтерілуіне не себеп?

Бұған себеп болатын мәселе өте көп. Көбіне стресс, жүйке жүйесіне түскен ауртпалық, уайым ықпал етуі мүмкін. Уақытылы тамақтанбай, ұйқтамай қызмет ететіндер де осы қатардан табылып жатады. Сонымен бүгін осының бірнеше себептерін, белгілерін және алдын алу шараларын қарастырып көрейік.

Қан қысымының себептері:

—Тұқым қуалау. Бұл үрдіс атадан балаға жалғасуы жиі болатын құбылыс;

—Артық салмақ. Француз дәрігерлерінің айтуынша, денедегі әрбір артық келі қысымды 1,6 мм көтеруге, 1,3 мм төмендетуге қауқарлы екен;

—Холестериннің артуы. Ол қанайналымының бұзылуына әкеледі;

-Ми жарақаты (бастан соққы алу, ми шайқалауы т.б.);

-Ішімдік пен шылымды жиі қолдану;

-Тұзды, ащы тағамдарды көп мөлшерде пайдалану;

-Күн тәртібінің бұзылуы, қозғалыстың аз болуы;

-Ұзақ уақыт дәрілік препараттарды қолдану;

-Сонымен қатар, кейбір сырқаттың салдары (эндокринді, жүрек-қан тамырлары аурулары, жүйке жүйесі, бүйрек, қуық жолдары аурулары);

Қалыпты қан қысымы:

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының белгілеген көрсеткіші – 120 да 80. Егер бұл көрсеткіш 140 та 90-ға жетсе, қан қасымы қалыпты жағдайдан асып бара жатыр деген сөз.

Қан қысымының көтерілгенін қалай білуге болады?

Егер бұл құбылыс бірінші рет болып тұрса, мынадай белгілерге назар аударыңыз:

*Бас ауруы;

*Бас айналу;

*Құлақтың шуылдауы;

*Құлақ пен беттің қызаруы;

*Мазасыздану, жүректің жиі қағысы;

*Аяқ пен қолдың ісінуі;

*Жүрек айну;

Алдын-алу шаралары:

-Қаламасаңыз да өмір сүру дағдыңызды өзгертуге тура келеді. Мәселен, ішімдікті, шылымды, басқа да зиянды әдеттерді тастау керек болады;

-Жануар майларын пайдалануды тоқтату. Өйткені олар қан құрамындағы холестеринді көбейтеді;

-Күнделікті тұтынатын тұздың көлемін азайту. Ол үшін құрамында натрий элементі аз түрін қолдануға болады;

-Денені қозғалысқа енгізу, артық салмақтың алдын алу. Жаяу серуендеуге, хауызға баруға, йогамен айналысуға болады;

-Уайым-қайғыдан, жүйкені әлсірететін жағдайлардан аулақ болуға тырысыңыз;

ikerim.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста