Қас бояуда жіберетін 7 қателік

Қас бояуда жіберетін 7 қателік

Бет әлпетіңіздің әдемі көрінуіне кедергі келтіретін бірнеше ұсақ-түйек элементтер бар.

Әрдайым оны біліп, ескеріп жүрген жөн. Бүгін қас бояуда жіберетін қателіктердің тізімін жасап көрдік. Өйткені біздің ажарлы болуымыз қаспен тығыз байланысты. Ендеше мына ақпаратты қаперіңізде ұстаңыз!

-Дұрыс таңдалмаған түс

Бұл қателік кез келген әдемі образға нұқсан келтіруі мүмкін. Қас тым қою боялмағаны дұрыс. Шашыңыздың түсімен ұқсас не сәл ғана қоюлау болса жеткілікті.

-Татуаж

Ол жасыңызды ұлғайтып көрсетеді. Татуаждың барлығы бірдей сәтті бола қоюы екіталай. Әрі бояу тым баттасып, көзге оғаш көрінеді. Әрине, бәрі бірдей емес, тартымды жасалатындары да болады. Дегенмен татуаж сіздің тәуекеліңізге тұрмайды.

-Коррекция

Қасыңыз идеалды болсын десеңіз, өзіңіз реттеп, форма салмағаныңыз дұрыс. Алдымен маманның көмегіне жүгініңіз. Содан кейін ғана ол салып берген көлем бойынша ретке келтіріп отырсаңыз болады.

-Сапасыз пинцет

Ол қасты дұрыс жұлмайды не теріңізді қырып кетуі мүмкін. Жартысын алып, жартысы қалып қоятын жағдайлар да болады. Бұдан, әрине, қастың тартымдылығы да жоғала бастайды.

-Тым қатты қарындаш

Қасқа арналған қарындаш жұмсақ болғаны жөн. Күш түсіріп, теріні ауыртып алмас үшін. Сондай-ақ, қабаққа арналған теньмен де қас бояй салуды доғарыңыз.

-Қайшымен дұрыс қию

Бұл жерде де маманның көмегі қажет болады. Егер қолыңыздан келмейтін болса, босқа тырмыспаңыз. Артық қыламын деп тыртық қылып алып жүрерсіз. Маманнан көргеніңіз бойынша қайталап жасауыңызға болады. Бірақ оның (маникюрге, қағаз, мата қиюға арналған емес) арнайы қайшыны қолданатынын ұмытпаңыз.

-Пішінін дұрыс сызу

Әрбір бұрышын айқындап, тым үшбұрыштап сызбаңыз. Ол макияжыңызды сапасыз, түріңізді ашулы етіп көрсетеді. 

ikerim.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста