Сұрақ-Жауап. Кеңес

Қатерлі ісіктің басты себебі анықталды

  • Қатерлі ісіктің басты себебі анықталды

    Қатерлі ісіктің басты себебі анықталды

Шотландиядағы Данди университетінің ғалымдары қатерлі ісіктің басты себебін анықтағанын мәлімдеді. Зерттеудің баспасөз баяны MedicalXpress журналында жарияланды.


Қатерлі ісіктің пайда болу қатері жас ұлғайған сайын арта түседі. Бұл уақыт өткен сайын ДНҚ-ға жасушаның бөлінуіне әкелетін ақаулардың жиналып қалуынан деген тұжырыммен түсіндіріледі. Әдетте қатерлі ісіктің пайда болуына бес-алты мутация жеткілікті. Зерттеушілер 18 бен 70 жас аралығындағы қатерлі ісікке шалдыққан екі миллион адамның жағдайына сараптама жасады. Осы арқылы иммунды жүйенің әлсіреуі қатерлі ісіктің пайда болуына қалай әсер ететінін есептеуге мүмкіндік беретін теңеу шығарды. Бұл теңеуді олар тәжірибе жүзінде пайдаланып та көрді. Осылайша, жаңа модель қатерлі ісік қаупін мутацияның жиналу теориясынан жақсырақ анықтауға мүмкіндік беретіні анықталды. Ал иммун жүйесінің әлсіреуінің негізгі себебі тимус (айыр безі) қызметінің ақауы, бұл органда T-жасушалары жетіледі. 16 жыл сайын адамның тимусы көлем жағынан кішірейіп, қатерлі ісік жасушаларын жоятын лимфоциттердің бөлінуі азаяды. Ғалымдардың пайымынша, тимус жұмысын жақсарту қатерлі ісіктің алдына алудың нәтижелі тәсілі болмақ.


kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 1298    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.02.2018, 19:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31