Кәуап маринадтаудың үздік 5 тәсілі

Кәуап маринадтаудың үздік 5 тәсілі

Көктем шығып, күн жылысымен иісін бұрқыратып, аулада кәуап дайындаушылардың қатары көбейеді. Иісі мұрынды жарып, тәбет ашатын кәуап дайындау үшін оны дұрыс маринадтауды үйреніңіз.

1. «Балканнан сәлем!» маринады

2 кг етке:

3 қызыл тәтті бұрыш

120-150 г кинза

650 г йогурт

Жарты лимон шырыны

Дәміне қарай тұз

Дайындалу уақыты – 3 сағат

Дайындалуы:

Қызыл тәтті бұрыштарды грильде қақтап алып, ішіндегі дәнінен тазартып, ұзыншақтап тураңыз. Одан кейін йогурт пен лимон шырынын араластырып, оған тұз бен кинзаны, туралған бұрышты қосыңыз. Жақсылап араластырыңыз.

2. Жерорта теңізінен маринад

2-2,5 кг етке:

450 мл зәйтүн майы

650 мл өсімдік майы

Жарты лимон шырыны

Аздаған жебіршөр (тимьян)

3 сабақ гүлшетен (розмарин)

2 сабақ шатыраш (шалфей)

1 бас сарымсақ

Дәміне қарай қарабұрыш

Дайындалу уақыты – 3 сағат

Дайындалуы:

Екі түрлі майға лимон шырынын, бұрышты, үлкен-үлкен туралған көк-сөкті қосыңыз. Сарымсақты пышақтың жалпақ жағымен езіп, маринадқа қосу керек. Одан кейін жақсылап араластырыңыз.

3. Апельсин қосылған маринад

2-3 кг етке:

1 апельсин

2 ас қасық сарымсақ (езілген)

1 ас қасық кардамон ұнтағы

2 ас қасық кептірілген базилика

650 г майлы қаймақ

250 г майонез

Дәміне қарай тұз, бұрыш

Дайындалу уақыты – 4 сағат

Дайындалуы:

Апельсиннің қабығын ұсақ жүзді үккіштен өткізіп, оған шырынын, сарымсақ, базилика мен кардамонды қосып, жақсылап араластыру керек. Дәміне қарай тұз, бұрыш қосып, сондай-ақ қаймақ пен майонезді құйып, тағы араластырыңыз. Маринад дайын!

4. Шарап маринады

2 кг етке:

200 г пияз

150 мл су (газсыз)

250 мл құрғақ ақ шарап

4 сабақ лимон соргосы (лимонное сорго)

2 шай қасық бұрыш (перец горошком)

Дәміне қарай тұз

Дайындалу уақыты – 4 сағат

Дайындалуы:

Пиязды тазалап, үлкен-үлкен етіп турау керек. Оған су, шарап, тұз бен туралған лимон соргосын қосыңыз. Егер сорго болмаса, оны сол мөлшерде лимонның қабығымен алмастыруға болады. Оны үккіштен өткізіңіз. Бұрыш қосып, барлығын араластырыңыз.

5. Флорентий маринады

2-3 кг етке:

2-3 лимон

1 бас сарымсақ

Аздаған гүлшетен (розмарин)

250 мл зәйтүн майы

750 мл өсімдік майы

Дәміне қарай қара бұрыш

Дайындалу уақыты – 2,5 сағат

Дайындалуы:

Лимондарды турап, гүлшетен, сарымсақпен араластыру керек. Оған өсімдік майын құйып, дәміне қарай қарабұрыш салыңыз. Бәрін жақсылап араластырыңыз. 

anabol.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста