Сұрақ-Жауап. Кеңес

Қазақ жігіттері балалы әйелге үйлене ме?

  • © dom-i-zakon.ru

    © dom-i-zakon.ru

Жалғызбасты анаға үйлену немесе өзгенің баласына әке болуға қазақ жігіттері қалай қарайды? Үйленбеген азаматтар өзгенің баласын бауырына басуға дайын ба? Бұл сұрақтарға comode.kz сайтына сілтеме жасаған   NUR.KZ хабарлайды.


Бұл сұраққа бірнеше ер азаматтар жауап берді. Олардың көбісі келіншекті баласымен қабылдауға дайын емес.


32 жастағы Арыстан есімді бойдақ жігіт: "Өз басым дайын емеспін. Тіпті, ата - анам да бұл қадамды дұрыс түсінбейтін шығар. Олар өздерінің туған немерелерін иіскеп, еркелеткісі келеді. Ал, қаны бөлек бала ешқашан туғаныңдай болмайды. Және баласы бар әйелмен кездесу де, махаббат құру да қиын. Бұрын балалы бір әйелмен кездескен едім. Үнемі баласы туралы ойлап жүреді. Мейрамханаға барып, пастаға тапсырыс берсем: «ұлым сенімен оңай тіл табысады деп ойлаймын. Себебі, ол да итальян пастасын жақсы көреді» дейді. Мен оның баласына емес, өзіне ұнауды мақсат етемін. Осындай орынсыз салыстыру мен шектен тыс аналық махаббаттың кесірінен жолымыз екі бөлінді", - деп басынан өткізген оқиғасын баяндап берді.


Балалы әйелді қабылдағысы келмейтіндер немесе жақындарының сөзінен аса алмайтындар қатарына көптеген ер-азаматтарымыз қосылды.


Ал Ержан есімді 26 жастағы азамат бүгінде өзгенің қызын бауырына басқанын, әйелін бір баласымен қабылдағанын жайып салды.


"Шошудың қажеті жоқ. Әркімнің тағдыры мен сынағы әртүрлі. Шын ғашық болсаңыз – бала ешқандай да кедергі емес. Бастапқыда іштей қорқыныш болды. Әйелім 25-те, ал мен 22-жаста едім. Жас айырмашылығынан бөлек, алғашқы күйеуінен қызы болды. Мұның барлығын әулетім қалай қабылдайды деген уайым болды. Бірақ, анам Айсұлуды жақсы қабылдап, тез тіл табысып кетті. Тіпті, анамның бір ауыз сөзі маған жігер бергендей. Ол кісі: «балам, Әке – баланы дүниеге әкелуге себепші болған емес, өсірген адам. Сен ол үшін өгей емес, туған әкесіндей бола аласың» деген еді. Осы сөзді үнемі жадымда ұстап жүремін. Ешқашан қаны бөтен деп бөлген емеспін. Қазір Айсұлудың аяғы ауыр. Кішкентай батырды күтіп жүрміз", - деп ағынан жарылды.


Айта кетейік, еліміздегі 30 жасқа дейінгі азаматтардың өзгенің баласын асырамақ түгілі, өз балаларының туылуына дайын емес екені белгілі болды. Олар түрлі себептермен әкелік жауапкершілікті мойнына ерте артқысы келмейді. 




Көрілген: 1059    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.05.2018, 21:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Маусым, 10:51
    Адамның 7 тазалығы
    26 Маусым, 11:43
    Түс жору
    12 Маусым, 12:18
    Асыл тастың қасиеті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31