Сұрақ-Жауап. Кеңес

Қазақстан халқының саны 18,2 миллион адамға жетті

  • Қазақстан халқының саны 18,2 миллион адамға жетті

    Қазақстан халқының саны 18,2 миллион адамға жетті

2018 жылдың 1 наурызында Қазақстан халқының саны 18 млн 195,9 мың адамды құрады деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің баспасөз қызметі.


Аталған ведомство мәліметінше, 2018 жылғы 1 наурызға еліміздегі халық саны 18195,9 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалықтар - 10452,3 мың (57,4%), ауылдықтар - 7743,6 мың адам (42,6%). 2017 жылғы 1 наурызбен салыстырғанда халық саны 240,3 мың адамға немесе 1,3 пайыз өсті.2018 жылғы қаңтар-ақпанда республикада 1 жасқа дейінгі 587 (2017 жылғы қаңтар-ақпан - 541) нәресте өлімі тіркелді. 2017 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 8,5 % кеміді. 2018 жылғы қаңтар-ақпан нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 9,31 (8,86) құрады.


Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2018 жылғы қаңтар-ақпан 261 (260) нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 44,5 пайызын (48,6%) құрады. Туа біткен ауытқулардан 138 (122) немесе 23,5% (22,6%), тыныс органдары ауруларынан - 53 (40) немесе 9,0% (7,4%) және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан - 23 (40) немесе 3,9,% (7,4%) нәресте қайтыс болды. 




Көрілген: 567    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.04.2018, 09:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Маусым, 12:18
    Асыл тастың қасиеті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30