Сұрақ-Жауап. Кеңес

Қазақтың балаға айдар, тұлым қоюында не мән бар?

  • Қазақтың балаға айдар, тұлым қоюында не мән бар?

    Қазақтың балаға айдар, тұлым қоюында не мән бар?

Ертеде перзент көрмей зарығып жүріп, ұлды болса, оның төбесіне бір шоқ шаш қойып, оған маржан-моншақ араластырып өріп қоятын салт болған. Бұдан тыс, кейбір хан ұрпақтары мен бай-манаптар да жақсы көрген ұлдарының төбелеріне кішкене шаш қойып, оны «айдар» деп атаған. «Айдарлы ұлың, тұлымды қызың бар ма» деген тəмсіл, əне, содан қалған.


Бұл дəстүрдің де өзіндік мəні бар. Өйткені айдарды балаларға «осы балам ел-жұрттың қолдап-қорғауына, үміт-тілегіне ие болса екен» деп қояды.


 


Тұлым қою

Зарығып жүріп көрген немесе бір топ ұлдың ішіндегі жалғыз қыз болса, оның екі шекесіне екі шоқ шаш қойып, оны өріп, түрлі моншақ-маржан тағып, оларды басқа балалардан ерекшелеп қойған. Бұл салт «тұлым қою» деп аталған.


Қыз балаларға тұлым қойғанда, аналары шағын қуаныш салтын өткізіп, қуанышын көппен бөліскен. Тұлым қоюдың да өзіндік мəн-мағынасы бар. Өзге балаларға қарағанда тұлымды қыздарға ел-жұрт ерекше сүйіспеншілікпен қарайды. Оларға бар жақсы тілектерін тілеп отырады.


Жетімге желке шаш қою

Ертеде ата-аналарынан жастай айырылып жетім қалған, жанашыр туыс-туғаны жоқ балалардың желкесіне бір шоқ шаш қоятын салт болған. Бұлай істеу «осы бала тұлдыр жетім. Мұны кім-кімнің де құқық-мүддесін қорғау жауапкершілігі бар» дегені. Бұл «жетімнің желке шашы» деп аталып, оны көрген адамдар жетім екенін біліп, оған аяушылықпен қарап, сырттай қамқорлық көрсетіп, тіпті бала қып бағып алып отырған.


Жетімдерге желке шаш қою, қазіргі замандағы сияқты аналар мен балалардың құқық-мүддесін қорғайтын заң-ережелер мен мекеме орындары жоқ заманда қоғамда белсенді рөл атқарған. Ол адамдардың жанашыр жақыны жоқ ұрпақтар алдында борыштылық жəне жауапкершілік сезімдерін оятып, оларды өзімшілдіктен, қайырымсыздықтан, рақымсыздықтан бойларын аулақ ұстап, ізгі ниетті, қайырымды, мейірімді болуға баулыған.


(Ескерту: Мақалада қазақ салтында орын алған жол-жоралғылар мәлімет ретінде берілген. Шариғи көз-қарасты білдірмейді.) 




Көрілген: 592    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 13.12.2017, 15:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    31 Желтоқсан 2017
    Ит жылынан не күтесіз?
    23 Желтоқсан 2017
    Бесік қашан пайда болған?
    15 Желтоқсан 2017
    Көлік атауларының тарихы
    6 Желтоқсан 2017
    Миллиардерден 5 кеңес

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31