Сұрақ-Жауап. Кеңес

Келбетті жігіттер неге "онша емес" қыздарды таңдайды?

  • Келбетті жігіттер неге

    Келбетті жігіттер неге "онша емес" қыздарды таңдайды?

 Көшеде қол ұстасқан екі жасты көргенде кейде бір-біріне сай еместей көрінеді. Бейтаныс жанды сырт келбетіне ғана қарап бағаланатынындай, "жігіті келбетті де, қызының түрі біртүрлі екен" деген секілді пікірлерді кездестіреміз. Қазіргі қыздардың арманына айналған қымбат көлігі мен стильді киімі бар жігіттердің де таңдауы өзге арулардардың көзіндегі "онша емес" қыздарға түсіп жатады. Мұның себебін психологтар түсіндіреді деп хабарлайды massaget.kz. 


Жігіттер сұлулықты басқаша қабылдайды. Ертедегі аңызда атақты шайыр: "Сол Шираздың сұлу қызын өмір бойы сүйер ем, Бір меңіне Самарқанд пен Бұхараны берер ем",– деп жырлағанда, ел басшысы "менің қалаларымды қызға беретіндей ол кім?" деп ақын мен қызды да сарайға алдырыпты. Сөйтсе, қара торы келген, қарапайым қыз екен, мұның қай жеріне қызыққан дегенде, ақын "Оған менің көзіммен қарау керек" деп жауап береді. Талғамға талас жоқ деген.


Өзіне бәсекелес болғанын қаламайды. Кей жігіттер ақылы, ақша табуы, тіпті сыртқы сұлулығы тұрғысынан да жарынан бір саты жоғары болуды қалайтын көрінеді.


Табиғи сұлулықты бағалайды. Бетіне әдемі арудың суретін салып алған қыздың табиғи түрін қашан көріп шошыр екенмін деген қорқынышпен өмір сүргенше, бояумен аса "жақын дос емес" қыздың өзіне тән сүйкімділігін жоғары бағалайды.


Жан сұлулығына мән береді. Жігіттер сыртқы келбетінің тартымдылығына ғана көп мән беретін қыздардың бойынан болашақ анаға тән қасиеттерді көре алмайды. Жары ретінде елестете алмағандықтан мұндай қыздар жай ғана бірге уақыт өткізіп, уақытша көңіл көтеру үшін қажет деп есептейді. Ал үйленер кезде сұлулықты екінші орынға қойып, жүрегіне ғашық болады.


Қызғану әсері. Алған жарын шектен тыс қызғанатын жігіттер іштей өзіне сенімсіз болады. Әрдайым біреу менен тартып алмас па екен деген күдікпен жүреді. Осы қорқынышты жеңілдету себебімен де өзгелердің көп көзі түспейтін қызды таңдауы ғажап емес екен.


massaget.kz.




Көрілген: 4386    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.04.2018, 21:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Қаңтар, 11:26
    Біле жүретін 83 факт
    29 Желтоқсан 2018
    Жігіттің 9 жауы
    29 Желтоқсан 2018
    Күйеу таңдай білесіз бе?
    29 Желтоқсан 2018
    Cу ішудің 10 себебі
    25 Желтоқсан 2018
    «Түс — тәңірдің аяны»
    24 Желтоқсан 2018
    10 түрлі ерекше сыйлық
    15 Желтоқсан 2018
    Ақ түстің энергиясы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31