Сұрақ-Жауап. Кеңес

Керемет әсері бар табиғи "энергетиктер"

  • Керемет әсері бар табиғи

    Керемет әсері бар табиғи "энергетиктер"

Бойдан қуат қайтып, әбден шаршаған сәтте табиғаттың өзінен ағзамызға пайда келтіріп, бойымызға күш-қуат толтыра аламыз. Дастарханыңыздағы тағамдарыңызға табиғи қуаттандырғыштарды қосатын кез келді. 


Энергетикалық сусындар, кофе және басқа да ағзамызды сергітетін сусындардың әсері жылдам болады да, керісінше бізді қуатымыздан толықтай айырады. Онда қажу мен шаршаудан азаптанбас үшін не істеу керек? Жамандықтың түп-тамыры әдеттегідей дұрыс тамақтанбауда. Бойымыздағы күш-қуат түгесілгенде тек қана табиғат анамыздың өзінен ағзамызға пайда келтіретін күш-қуат ала аламыз. Ендеше, өз рационымызға жаңаша нәр берейік – яғни, бізге күш-қуат дарытатын, жақсы көңіл күй сыйлайтын табиғи өнімдерді тұтынайық.

Элеутерекокк

Элеутерекоке өсімдігінің табиғи сергіткіш шәрбат, капсула және таблеткалары кез келген дәріханада қол жетімді бағада сатылады. Таңертең ішсеңіз ағзаңызды кофедей сергітіп жібереді. Оған қоса оны күйзелісте, жүйке тозғанда ішуді ұсынамыз. Бұл шөп ағзаны қоршаған орта агрессиясына қарсы тұруға, сонымен қатар шыдамды болуға өз септігін тигізеді.


Көк шай

Кәдімгі көк шай – ағзаның белсенділігі мен тонусын арттыруда таптырмас құрал. Таңертең бұл сусыннан бір кесе ішсеңіз дәрумендер мен микроэлементтерге байып қаласыз. Сонымен қатар бойыңыздағы зат алмасу процессін белсенді жүргізеді де күні бойы сергек жүретін боласыз. Егер де сіз барынша көп әсер алғыңыз келсе, шайды ережеге сай демдеңіз.

Сермене (лимонник)

Сермене дәндерінің тұнбасы дәріханаларда сатылады. Оны жұмысқа қабілетсіздікте, шаршағанда және жүйке жұқарғанда қабылдайды. Сермене жапырақтарынан дайындалған шайды ішіп те дәл сондай әсер ала аласыз. Ол үшін қайнаған суды үгітілген жапыраққа құйсаңыз жеткілікті. Мұндай сусынның нәтижесі айтарлықтай ұзақ әсер етеді, яғни зейініңізді, жалпы тонусыңызды және жұмысқа қабілеттілігіңізді арттырады.+


Зімбір (имбирь)

Зімбір – қан айналымды және ағзадағы зат алмасуды жақсартатын өсімдік. Оның арқасында миымыз жақсырақ жұмыс істейді де, бойымыздағы күш қуаттың артқанын сеземіз. Зімбірден дайындалған шайлардың ең жақсысы ол – лимон мен бал қосылған түрі. Сонымен қатар, зімбірден энергетикалық смузи сусынын даярлай аласыз.

Қызылкүрең (эхинацея)

Қызылкүрең гүлшоғыры ерекше емдік қасиеттерге ие. Бұл өсімдік иммундық жүйені нығайтады және ағзамызға вирусқа қарсы, қабынуға қарсы және уытсыздандырғыш ретінде қабылданады. Дәріханаларда таблетка, тұнба және демдеуге арналған құрғақ түрлері сатылады. Қоспаның жүйке жүйесінің қозуында басу үшін, есте сақтау қабілетін арттыру үшін және тонусты көтеру үшін пайдасы зор.


Цитрустар

Цитрустардың лимон болсын, апельсин немесе грейпфрут болсын, барлығы дерлік С дәруменіне бай. Таңғы асқа ішілген балғын апельсин шырыны немесе цитрусты смузи (негізгі таңғы ас ретінде болса да) - күніңіздің жақсы басталып, жұмысқа деген қабілетіңізді арттыратын тамаша әдіс екеніне күмәнданбаңыз.

Адамтамыр (женьшень)

Кез келген дәріханадан адамтамыр тұнбасын таба аласыз. Бұл тұнба ең күшті энергетик және иммундық жүйенің стимуляторы болып саналады (яғни, өзіңізді жайсыз сезінгенде осы дәрілік шөпті еске түсіру керек деген сөз). Бұл дәрілік шөпті миға және денеге көп күш түскенде, жүйкенің тозуы мен жұқаруында қабылдауды ұсынылады. Адамтамыр сізді күйзеліске төзімді және кез келген жүктемеге қарсы тұруға дайындайды.


Чиа дәндері

Пайдалы қасиеттері жайында шексіз айтуға болатын чиа дәндері керемет табиғи энергетик болып саналады. Жасұнық пен омега-3 майлы қышқылдардан бөлек, бұл өнім көңіл-күйдің көтерілуіне септігін тигізеді және ағзадағы қабынуды азайтады.

Шайқурай (зверобой)

Шайқурай тұнбасы – күйзеліске қарсы тыныштандырғыш әсері бар өсімдік. Ол көңіл күйді көтереді, ұйқыны реттеп, психикалық және физикалық жұмыс істеу қабілеттілігін арттырады. Егер де сіз күш-қуатыңыздың азайып, қыс мезгіліндегі күйзелістен шаршаған болсаңыз, шайқурай шайын ішіп көріңіз. Мұндай сусынның әсері ұзақ болмақ. Бір айдан соң өзіңізді сергек сезінетін боласыз.


Шырғанақ

Шырғанақ – сібірлік сергектік пен жақсы көңіл күйдің жидегі. Оның құрамында қуаныш гормоны серотонин, көп мөлшерде С дәрумені, бета-каротонин, және көп қанықпаған май қышқылдары бар. Сонымен қатар көзге пайдалы. Бұл суперфудты барлық тағамдарға қосуға болады.


muslim.kz

 




Көрілген: 1024    Пікірлер: 0

жұма, 02.03.2018, 10:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан, 00:07
    Ақ түстің энергиясы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31