Кесар тілігінен кейін өздігінен босануға бола ма?

Кесар тілігінен кейін өздігінен босануға бола ма?

Мен бірінші рет босанғанда жолдасының төменде орналасу себебімен, кесар тілігін жасаттым. Екінші баламды іле-шала 3-4 айдан кейін көтеріп қалып, бірінші операциясының тілігі сөгітіліп кететін болған соң, оны да кесар тілігімен алды. Келесі жолы өзім тууыма бола ма? Қандай күтім керек? Қанша уақыттан соң?

Лаура КАЛИМОЛДА, Алматы облысы

Негізі, табиғи туу әйелге көп жағынан пайдалы. Себебі кесар тілігінен кейін әйел ағзасында түрлі асқынулар мен ауытқулар пайда болады. Бірақ, егер әйелдің жамбасының өлшемі кішкентай болса, әсіресе, бірінші жүктілік кезінде кесар тілігін жасатуға мәжбүр. Өйткені мұндай жағдайда операциямен ғана бала мен ана денсаулығын сақтауға болады.

Кесар тілігін жасаудың тағы басқа себептеріне тоқталсақ, әйелдің қан қысымы жоғары, қант диабетімен ауырған, көзінің көру қабілеті өте төмен болған жағдайларда дәрігерлер басқадай тәуекелділікке бара алмайды.

Әдетте дәрігер екі рет жасалған кесар тілігінен кейін өзіңіздің тууыңызға рұқсат бермеуі ықтимал. Себебі, жатырыңызда бір емес, екі тігіс бар. Бұл толғақ кезінде жатырдың тілініп кету қаупін тудырады. Ал егер екінші баланы өздігіңізден туғыңыз келсе, араға 3-4 жыл тастап, әбден күтіну керек. Жатырдағы тіліктің орны әбден біткен-бітпегендігін УДЗ (ультрадыбыстық зерттеу) арқылы анықтап біліп, дәрігер рұқсат берген жағдайда ғана өзіңіз тусаңыз болады. Қандай жағдай болсын, дәрігердің ақылына құлақ асқан жөн.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста