Сұрақ-Жауап. Кеңес

Кезінде Қазақ радиосының өз хоры болған

Бұрын Қазақ радиосы жанында хор ұжымы болған деседі, қазір қайда екен?


Қарлығаш ЕСЕНАМАНОВА, Алматы қаласы


Энциклопедиялық мәліметтер бойынша, 1932 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Телевизия және радио хабарлары жөніндегі мемлекеттік комитетінің, яғни қазіргі Қазақ радиосының жанынан әншілер ұжымы құрылған. Әуелі тек қана әйелдер хоры болған, кейін аралас ұжымға айналады. Ол халық әндері мен халық сазгерлері шығармаларын насихаттады. Абайдың «Көзімнің қарасы», «Бойы бұлғаң», «Айттым сәлем, Қаламқас» әндері осы хорға лайықталып, кезінде әдейі өңделген. Қазақ радиосының 60-жылдардан бергі тұрақты дикторы, ҚР еңбек сіңірген әртісі, танымал журналист Сауық Жақанованың айтуынша, хор 50-жылдардың ортасында жабылып қалған. Оны көпшілік, әсіресе, қазіргі жастар біле бермейді. Кейін радиода симфониялық және эстрадалық оркестрлер құрылып, біраз уақытқа дейін қызмет еткен.




Көрілген: 1255    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 03.03.2010, 13:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қараша, 13:08
    Алу үшін беру керек
    22 Қазан, 16:28
    Алдымен өзіңді түзе
    27 Қыркүйек, 14:07
    Ақша көбейтудің 4 тәсілі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30