Кивидің пайдалары

Кивидің пайдалары

Аллаға шүкір, қазір сонау айшылық алыс жерлерде өсетін жемістер дастарханымыздан орын алған. Соның бірі - киви. Біз кивиді жеміс деп атаймыз. Негізінде бұл жеміс емес азық, жидектер қатарына жатады екен.

Оны жаңазеландықтар АҚШ-қа тасымалдауды бастағанда оның бастапқы «қытайлық қарлыған» деген атауын өзгертіп, «kiwifruit» деп атады. Бастапқы атауын өзгерту себебі — сол кездегі салқын қытай соғысы мен жидектерге деген бағаның қымбат болуы.
Кивиді қабығымен жеп көргендер бар ма? Негізінде, кивиді қабығымен жеуге болады екен. Әсіресе испандық селекционерлер шығарған «кивиньо» сортын. Кивиньоның қабығы жұмсақ келеді.
Кивидің қабығының құрамында антиоксиданттар мол. Ол асқазандағы зиянды бактерийлердің көбеймеуін қадағалап, зарарсыздандыратын қасиеті бар.
Алайда кивиді қабығымен жеу алдында жақсылап жуу керектігін ұмытпаңыз. Сонымен қатар киви қабығы аса сезімтал тілді ауыртып, уылдатып жіберуі мүмкін.
Дәрігерлер кивиді 5 жастан кіші балаларға бермеуге кеңес береді. Зерттеу нәтижелері бойынша балаларда жұтқыншақ, көмей дерматозы, тілдің ісуі туындауы мүмкін. Сонымен қатар аллергиялық әсер беруі де ықтимал.

Кивидің емдік қасиеті бар ма?


Нәзік жандылар үшін кивидің емдік қасиеті бар. Ол шаштың ерте ағаруынан сақтап, ағзадағы артық салмақтан арылуға көмектеседі. Қыжылдан құтылу үшін де бір кивиді жеу жеткілікті.
Ересек адамдарға кивиді қан қысымын және ағзадағы холестерин көлемін азайту үшін жеуге болады. Сондай-ақ кивидің құрамында иммунитетті нығайтып, ағзаны жасартатын С дәрумені баршылық. С дәрумені ағзаға зиянды нитрат, нитриттардың енбеуін де қадағалайды. Сонымен қатар кивидің құрамында қан ауруларын емдейтін темір молынан бар.
Бет терісінің сымбаттылығын сақтау үшін де кивиді пайдаланып, маскалар жасауға болады.

Кивидің денсаулыққа пайдасы көп

Киви дәрумендерге өте бай тропикалық жеміс. Оның құрамындағы жасұнық, калий, кальций, магний, лектин, фосфор, мырыш, темір, марганец, антиоксиданттар мен амин қышқылдары ағзаға өте пайдалы. Кивиді жиі тұтынатын болсаңыз, ағзаға инфекцияның таралуы тежеліп, иммунды жүйе нығайып, жүрек-қан тамырлары ауруының алдын алып, ағзаның қатерлі ісікпен күресуі артып, жүйке жүйесін жақсартады екен. Басқа жемiстерден айырмашылығы, киви консервілеген кезде еш бұзылмайды. Сондай-ақ, жеміс Е дәруменіне өте бай. Біле білсеңіз, кивиді жеп қана қоймай, оны косметика негізінде пайдалансаңыз да болады.
Сонымен қатар, бұл жемісте актидин атты зат бар. Ол ағзадағы ақуыздарды ыдыратуға көмектеседі. Кивиді кәуапты маринадтауға пайдаланатыны осыдан.

Мамандар кивидің өзінен бұрын қабығының да пайдасы орасан зор екенін анықтады. Себебі, кивидің қабығында антиоксиданттар көп кездеседі. Ол терідегі натрий затын сыртқа шығаруға көмектесетін таптырмас құрал. Сондықтан, киви қабығын тастап жібермей, одан маска жасап пайдалансаңыз бетіңіздің терісі балғын күйге енеді.

Осынау тропикалық жемісті суықтағанда, вирусты дерт кезінде, авитаминозда, шаршағанда, әлсіздікте, күш жоғалғанда, күйзелісте, атеросклероз, диабет, гипертония, тромбоз дерті кезінде тамақтану мәзіріне осы жемісті міндетті түрде қосқан дұрыс. Дегенмен, осыншама пайдасы кивидің зиянды тұстары да жоқ емес. Сондықтан оны пайдаланған кезде асыра сілтеп жібермеңіз. Мәселен, жеміс құрамында С дәрумені тым көп болғандықтан аллергия беруі әбден мүмкін. Асқазан сөлі қышқылы жоғары адамдарға да пайдалануға болмайды. Іш өткізгіштік қасиеті болғандықтан диарея дертімен ауыратындар бұл жемістен бас тартқан жөн.

muslim.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста