Қиындықта қалай жеңу керек?

Қиындықта қалай жеңу керек?

Адам өмірінде кейде қиындықтар орын алып, оны мазалайды. Бұл кезде не істеу керек, осыған байланысты психологтар былай дейді:

► Алдымен қиындық деген не, соған мән беріңіз. Сонда сізге одан өту оңайға соғады. Өмірде қиындықтар орын алды ма, туыстарыңызбен ренжістіңіз бе, жұртпен қарым-қатынаста жолыңыз болмай жүр ме, тағы басқа, неден қиындық көріп жүрсеңіз, соны саралап алыңыз.

► Бұдан кейін өзіңіздің сыртқы жағдайларға деген әрекетіңізге мән беріңіз.

► Қандай да бір проблемаға қатысты қандай сезімде болатыныңызға мән беріңіз. (Мысалы, үрей, қорқыныш, шарасыздық, мүмкін бәрінен өтуге болатынына деген сенім сезінерсіз). Күрделі жағдайлардан өту кезінде сабырлы, ұстамды болыңыз, ақылыңызды жоғалтпаңыз.

► Қолайсыз әсер еткен жайға ұрынғанда үш апта бойы өз ойыңызды қадағалаңыз, ол сіздің ой-өрісіңіздің өзгеруіне әсер етеді. Алғашында жағымсыз эмоциялар­ға жол бермеуге тырысыңыз. Күн сайын жаттығу арқылы жағымсыз ойларды жеңесіз.

► Қай проблемаға болмасын жеңіл қарауға тырысыңыз. Оның уақытша екенін естен шығармаңыз. Кемшіліксіз, қателік жібермейтін адам жоқ, бәрі де өтеді. Өзіңізден де қиын жағдайда жүрген адамға жәрдемдесе алсаңыз, тіпті жақсы, бір жеңілдеп қаласыз.

► Проблеманы шешерде мазалайтын түрлі эмоция­ларға бой бермеңіз, олар қуатыңызды алады, ойыңызды бөледі. Тек проблема сырын ұғыңыз және оны шешу жағын ойлаңыз. Өз мүмкіндіктеріңізді ойластырып алыңыз да, проблеманы шешуге кірісіңіз.

► Алдағы болуы мүмкін жайсыздықтарды уайымдамаңыз, қиындықтар кездесуі мүмкін, одан өтуге да­йындалыңыз. Қолайсыз бағыт алуы мүмкін нәрселердің алдын алыңыз.

► Тек жақсы нәрсе ойлаңыз. Өкінішті өткен нәрсе өтті, кетті, сіз алдан жақсылық күтіңіз. Қандай қиын кезең болса да мойымаңыз, өзіңізде барға қуаныңыз, сол үшін алғыс сезімде болыңыз.

► Адам өмірде бірдеңе жоғалтса, уақыт өте орнына басқасын табады. Кез келген жағдайдан сабақ алып, пайдалы жағын көріп үйреніңіз.

► Қиындыққа себеп болған жайға ашуланып, өзіңізді босқа мүжи бермеңіз. Оны ойша сөзбен қайталай беру арқылы сіз өміріңізге жаңа қиындықтарды үйір етуіңіз мүмкін.

► Белсенді қимылда болыңыз, сонда серписіз, ауыр ойлардан арыласыз. Құдайға жалбарынып, жәрдем сұраңыз. Тым тұйықтанып, өзіңізбен өзіңіз болып кетпеңіз, керек кезде жақындарыңызға сыр ашып, жәрдем сұраңыз.

www.zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста