Көктемде аллергиямен қалай күресу керектігін білесіз бе?

Көктемде аллергиямен қалай күресу керектігін білесіз бе?

Көктемнің ең керемет жыл мезгілі екеніне ешкім дауласпайды. Көктемде мұздар еріп, күн құлпырып, гүлдер бүршік жарып, адамдардың көңіл-күйі көтеріліп жаңа өмір басталатындай іспетте болады. Бірақ соңғы жылдары өкінішке орай көптеген адамдарға көктем жылы шуақ әкелудің орнына қиындықтар мен жайсыз жайттар орын алады. Мұндай адамдарда көктем келгенде үнемі тыныс жолдары тарылып, мұрындары қызарып, көздері жасаурап, ісіп кету жағдайы орын алады. Сонымен қатар, олар жиі өздерімен бірге бет орамалды алып жүруге мәжбүр. Бұл мәселелердің барлығы келеңсіз бірақ қазіргі кезде көп кездесетін көктем мезгілінің аллергиялық аурулары. 

Көктемде аллергия қалай пайда болады?

Көктемде аллергия туындауының себебі неде? Ең негізгі себеп – ағаштардың және шөптердің шаңы. Шаң мұрынға түсу себебінен иммундық жүйе оны қалыпсыз жағдай деп қабылдайды. Ал бұл қалыпсыз жағдай бактерия, вирустарға қарсы тұрған сияқты бұған да қарсы тұруды талап етеді. Қанда бұл кезде ерекше химиялық зат – гистамин, ол аллергияның ең басты белгілерін туындатушы: мұрын бітелуі, жөтелу, түшкіру, көздің жасаурауы, көздің асты көгеруі және т.б. Шаң ауа арқылы бірнеше километрге таралып және барлық адамдар соның қабылдауының әсерінен аллергиядан зардап шегеді.

Сондықтан, қаншалықты шөптер мен ағаштар көп болған сайын соншалықты аллергияға шалдыққандар өздерін нашар сезінеді. Сондай көп кездесетін ағаштар: емен, терек, шаған, қандыағаш, шамшат, ақтерек, үйеңкі, тал, шегіршін және тағы сол сиякты ағаштар аллергияның туындауына себеп болады. Гүлдер мен шөптер өте көп, ал жылы және құрғақ желді күндері шаң белсенді жайылады және аллергиямен ауыратын адамдардың өмірі одан сайын қиындап кетеді. Жаңбырлы күндері өздерін жеңілірек сезінеді себебі, шаңның көп бөлігі жуылып кетеді, ал ауа тазарады, бірақ жақсы ауа райы жиі нағыз қиындық болады. Аллергендер бронхты астыма туындатады – тыныс жолдарының тарылуы мен қоса жөтелу ауруы; Аллергиялық дерматит немесе ісіну пайда болады. Аллергиялық шаңдардың түрлері өте көп – шамамен 100, сондықтан жағдайды бақылап, анықтап, ем қабылдау үшін міндетті түрде маманға көріну керек. Дәрігерлер аллергияның түріне байланысты дәріханада нұсқаулықсыз берілетін дәріні ұсынады. Нұсқаулықсыз дәрілер әсерлі болады, мысалы, антигистаминді ісінуге қарсы болады. Бұл қандағы гистаминнің дәрежесін түсіруге көмектесетін дәрі түрлері; тамшы, спреи, ісінуді басатын; көзтамшылары. Бұл дәрілердің көбісін нұсқаулықсыз сатып алуға болады, бірақ былай істеудің қажеті жоқ: міндетті түрде дәрігермен кеңесу керек. Ол саған керекті дәріні жазып береді. Дәрігер өте күрделі, мысалы аллергияның белгілерін тоқтататын аллергиялық екпе нұсқай алады. Мұндай дәрілер барлығына бірдей сәйкес келмейді. Сондықтан, оны тек дәрігер біледі.

Көктемдегі аллергиямен күресу жолдары

Аллергияның белгілерін азайту және оның асқынуын тоқтату үшін көптеген қиын емес әдістерді қолдануға болады. Бірнеше әдістер бар мысалы, аллергияның белгілері тоқтамайынша басқа аумаққа кету, әрине сіз мұны білесіз. Бірақ мұндай әдіс көбісіне келмейді және сондықтан тағы бір тәсілді қолданып көруге болады. Шындығында ол ғимараттың ішінде көмектеседі. Терезені марльмен жауып және оны сумен шайып тұру керек. Сонымен қатар, пердені ылғалдандыру керек, пәтерде су толтырылған ыдыстар қойыңыз, ауаны тазартушы пайдаланыңыз. Әрине, осылай пәтерде ылғалдылықты сақтауға болады. Сонда да бұл тек уақытша тәсіл. Үйге кірген кезде міндетті түрде душ қабылдап және шашыңызды жуыңыз. Себебі, шаңдар көрінбеуі мүмкін. Егер сіз үй жануарларымен қыдырып жүрсеңіз, оларды да жуындырып жүруге тура келеді. Айта кетерлік жайт, жаңбырдан кейін немесе жаңбыр кезінде далаға шыққан дұрыс. Ол кезде шаңның көп бөлігі жерде болады. Және киімдеріңізді балконда жаюды доғарыңыз себебі, барлық шаңдар киімге жұғады. Өзіңіздің иммунитетіңіз жайлы ешқашан ұмытпаңыз. Егер шегіңізде микрофлоралар аз болса, организм әлсірейді және біз көптеген инфекцияларды тез қабылдаймыз. Аллергендер бұл уақытта өте қауіпті болады. Сондықтан, ішектегі баланс микрофлораларын бір қалыпқа келтіруге тырысыңыз. Бифидобактерия комплексі бар табиғи дәрілерді қолданыңыз немесе йогурт ішуге болады.

Тағамдардың аллергия тудыруы

Өкінішке орай, көктемгі аллергия тағаммен жиі байланысты. Мұндай жағдайда адамдар қайыңның шаңына аллергиясы болғанда сәбіз, қызыл алма, өрік, шабдалы жей алмайды. Ал, жаңғақ ағашына аллергиясы барлар күнбағыс майы, пісте, халва, қауын жей алмайды. Себебі олар аллергияны одан сайын асқындыруы мүмкін. Қандай тағамдардың аллергия тудыратыны маңызды және оларды жемеген дұрыс. Алкагольді ішімдіктерді қабылдамаған жөн себебі, аллергия асқынуы мүмкін. Сонымен қатар, ішімдікті антигистаминді дәрілермен араластыруға болмайды. Косметикалық бояулар және парфюмде гүлдердің қоспасы болса оларды аулық ұстаған дұрыс. Бұл әдістердің көбісі кейінге соғуы мүмкін сонда да оларды ұстанған дұрыс. Себебі олар аллергияның белгілерін төмендетуге көмектеседі.

Көктемгі аллергияға қарсы халықтық ем шаралары

Әрине, халықтық медицина қорында көптеген әсері бар, аллергияны бәсеңдететін жән емдейтін қабілеті бар дәрілер өте көп сонда да медицина ғылымы мұны мойындамайды және арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ. Жапырақтардан, гүлдерден, шөптерден, балдан және алма уксусынан жасалған құрамы өте қызықты. Бүлдірген жапырағы, лавр жапырағының ұнтағы, ошаған шөбі, календула гүлі барлығы 1 шәй қасықтан 0,5 л қайнаған суда демдеу және термозда 12 сағат тұру керек. Содан соң жалғастырып, 2 шәй қасық қою бал және алма уксусын қосу. Алынған тұнбаны 1/3 стаканнан тамаққа жарты сағат бұрын, таңғы, түскі, кешкі астың алдында ішу керек. Қосымша тамақтан кейін ақ жұмыртқаның қауызын пышақтың ұшындай етіп қабылдау. Осындай жолмен ұзақ уақыт емделсе аллергияның туындауы жойылады. Тағы бір әсері бар халықтық ем – итошаған тұнбасы. Бұл оңай құрам аллергиядан жазылуға мүмкіндік береді. 20 минут демделген итошаған шәйін ішу керек. Шәйдің түсі алтын түстес болу керек, жасыл немесе түссіз емес, оны сол кезінде ішу керек.

Тас дәрі (мумие) көмектеседі!

Өте әсері бар халықтық әдістің бірі тас дәрі (мумие). Оның сапасы өте жоғары болу керек: бір грамын алып бір литр суға ерітіңіз – егер қоспада тұнба пайда болса бәрі дұрыс. 3 жасқа дейінгі балаларға 50 мл, 7 жасқа дейін 70 мл ал, үлкендерге 100 мл қабылдау керек. Қоспаны таңертең қабылдаған дұрыс сонымен қатар оны аллергиядан зақымданған терінің бөлігіне жағуға болады. Сонымен халықтық емдер 100 жылға жуық белгілі, бірақ оны пайдаланбас бұрын дәрігермен кеңесіңіз – организм әр адамда әртүрлі. Ешқашан ұмытпаңыз, аллергияның алғашқы белгілері көрінгеннен бастап бірден дәрігерге қаралыңыз.


Дереккөзі: www.inmoment.ru

reactor.inform.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста