Сұрақ-Жауап. Кеңес

Қолданатын тарағыңыз сіз туралы қандай сыр айтады?

  • © reactor

    © reactor

1-тарақ: жомарт, адамгершілігі мол


Сіз тек жақсы қасиеттерге ұмтыласыз. Өзіңізге үлкен талаптар қоясыз. Еңбекқор адамсыз. Менмен емессіз. Сыңарыңызды сыйлап, жақсы көресіз. Тіпті сезіміңізді ойыншыққа айналдырып, тастап кетсе де, оны ұзақ уақыт бойы ұмыта алмайсыз.



2-тарақ: тартымды, шыншыл


Сіз жауапкершілікке бей-жай қарайтын адам емессіз. Өзгелерге қамқорсыз. Жұмысты «таза» орындауға тырысып, мойыныңызға көп міндет жүктеп аласыз. Мінезіңіз жақсы. Адамдар сізге сенеді. Сіз тез ойлап, тез әрекеттенуге дағдыланғансыз. Өткір тілді адам болғандықтан, таныс емес ортада да айтарға сөз табасыз.



3-тарақ: ақылды, ойшыл


Сіз көп ойланасыз. Идеяларыңыз бен ойларыңыз сіз үшін өте маңызды. Белгілі бір мәселені шешу үшін жалғыз қалып, ойланғанды жақсы көресіз. Сіз – интровертсіз. Ойланып, білім алуға құштар адамдармен тіл табыса аласыз. Адамгершілік туралы ойлануға көп уақыт жұмсайсыз. «Дұрыс жолмен» жүруге тырысасыз. Қоғамның пікіріне тәуелді емессіз.



4-тарақ: зерек, философ


Сіздей адам бұл әлемде жоқ. Тіпті ұқсайтын адам да жоқ. Сіздің интуицияңыз жақсы дамыған. Көп адам сізді дұрыс түсінбейді. Мұндай жайттарды жүрекке жақын қабылдайсыз. Жеке кеңістікті қажет етесіз. Өз шығармашылығыңызды дамытуға тырысасыз. Өте сезімталсыз.




5-тарақ: сенімді


Сіз – тәуелсіз адамсыз. «Бәрін өзім істеймін» деп үйренгенсіз. Өзіңізге ғана сенесіз. Өз мақсаттарыңызға жету үшін бас көтермей еңбек етуге даярсыз. Жақындарыңыз үшін бәріне қол жеткізуге тырысасыз. Олардың сізге тек шындықты айтып, адал болғанын талап етесіз. Кез келген ақиқат, пікір мен сынға дайынсыз.



6-тарақ: Арманшыл


Сіз- қиялды сүйесіз. Қиялда ән кешін беріп, қымбат көлікте отырғанды елестеткенді ұнатасыз. Есіңізде болсын, осы қиялдар түбі сіз адам ойына сыймайтын жетістікке жеткізеді.



7-тарақ: Жұмбақ


Сіз өте сабырлы адамсыз. Әр нәрсенің байыбына барғанды ұнатасыз. Сондықтан сізбен сөйлесу, сізге сыр ақтару өте ыңғайлы. 


reactor




Көрілген: 1445    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.07.2018, 15:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30