Сұрақ-Жауап. Кеңес

Көпшілік сүйіп жейтін "бичпакеттің" зияны туралы не білеміз?

  • Көпшілік сүйіп жейтін

    Көпшілік сүйіп жейтін "бичпакеттің" зияны туралы не білеміз?

Осы күні пойызға міне қалсаңыз, екі қазақтың бірі жылдам пісетін кеспе жеп отырғанын көресіз. Тіпті ол балалардың да сүйікті асына айналып кеткен. Оның денсаулыққа зияны туралы ойлайтындар кемде-кем.

Тағамның бұл түрі аш қарынды тойдыруы мүмкін, бірақ ағзаға ешқандай пайдасы жоқ. Sputnik Қазақстан агенттігі жылдам пісетін кеспені неліктен жеуге болмайтынын жіктеп берді.


1. Натрийдің мөлшері жоғары


Жылдам пісетін кеспеге глутамат натрийі – дәмді күшейтуге арналған тағам қоспасы қосылады. Сондай-ақ гуанилат натрийі – дәм мен хош иісті күшейткіш, инозинат натрийі – дәмді күшейткіш болады. Бұл компоненттердің бәрі гипертонияның, жүрек және бүйрек ауруларының даму тәуекелін арттырады.


Мұндай кеспенің бір порциясында 800 мг-ден астам натрий болады екен, бұл күндізгі нормадан жарты есе көп. Глутамат натрийі ағзадағы сұйықтықты кідіртіп, бронх демікпесін қоздырады. Кей адамдардың басы ауырады.


2. Маңызды нәрлі заттардың сіңуіне кедергі келтіреді


Жылдам пісетін кеспе ағзаның өзге өнімдердегі нәрлі заттарды сіңіру қабілетіне ықпал етеді. Сондықтан, егер сен кеспеге тойып алып, бір-екі сағаттан кейін көкөніс немесе жеміс-жидек жесең, ағза сол өнімдегі нәрлі заттарды толығымен сіңіре алмайды.


3. Пропиленгликоль және трет-бутилгидрохинон қосылады


Жылдам пісетін кеспенің құрамында темекі өнеркәсібі мен антифриз өндірісінде қолданылатын пропиленгликоль болады, бұл сұйықтық кеспенің текстурасын сақтау үшін қолданылады.


Бұл тағам қоспасы қауіпсіз деп есептеледі, соған қарамастан ол ағзаға сіңіп, бауырда, бүйрек пен жүректе жиналып, осы органдарға зақым келтіруі мүмкін. Сондай-ақ кеспеде трет-бутилгидрохинон – лапшаның дәмдеуішін сақтайтын антиоксидант болады. Ол парфюмерияда, лак пен шайырды шығару кезінде де пайдаланылады.


4. Қатерлі ісік тудыратын ингредиенттер қосылады


Мұндай кеспенің құрамында атеросклероз (жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруы) мен қатерлі ісік тәуекелін арттыратын трансмайлар кездеседі.


Түйіндей айтқанда, егер сіз жылдам пісетін кеспені жиі тұтынатын болсаңыз, сау басыңызға сақина тілеп алатыныңыз анық. Әсіресе мұндай тағам балаларға, қарттар мен жүкті әйелдерге өте қауіпті.

"Ас – адамның арқауы" екенін естен шығармағайсыз. 




Көрілген: 1943    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.02.2018, 22:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30