Куәгерліктен бас тартуға құқым бар ма?

Куәгерліктен бас тартуға құқым бар ма?

– Жуықта Ішкі істер органдарының қызметкерлері жұмыстан шығып бара жатқан сәтімде куәгер болуымды сұрады. Мен қарсылық білдірген жоқпын. Ал жалпы менің бұл жағдайда куәгерліктен бас тартуыма құқығым бар ма?

Жарқын

Адина А, заңгер:
- Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 86 бабына сәйкес, Қылмыстық iзге түсу органы ҚР ҚІЖК-де көзделген жағдайда тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу фактiсiн, оның барысы мен нәтижелерiн куәландыру үшiн тартқан адамдар куәгерлер болып табылады.
Олар өздерiнiң қатысуымен болып жатқан iс-әрекеттердi толық және дұрыс қабылдауға қабiлеттi, iске мүдделi емес және қылмыстық iзге түсу органдарына тәуелсiз кәмелеттiк жастағы азаматтар ғана куәгерлер бола алады. Тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзуге кемiнде екi куәгер қатысады.
Оның мынадай құқықтары мен міндеттері бар:
Куәгердiң: тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзуге қатысуға; тергеу iс-әрекетi жөнiнде хаттамаға енгiзуге жататын мәлiмдемелер мен ескертулер жасауға; өзi қатысқан тергеу iс-әрекетiнің хаттамасымен танысуға; қылмыстық ізге түсу органының іс-әрекетіне шағым жасауға; қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өзiне келтiрiлген шығындарға өтем алуға; қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті мәлімдеуге құқығы бар.
Куәгер: қылмыстық iзге түсу органының шақыруы бойынша келуге; тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге қатысуға; осы iс-әрекеттiң жүргiзiлу фактiсiн, оның барысы мен нәтижелерiн тергеу iс-әрекеттерiнiң хаттамасында өзiнiң қолымен куәландыруға; анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың рұқсатынсыз алдын ала тергеу материалдарын жарияламауға; тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу кезiнде тәртiп сақтауға мiндеттi.
Сондай-ақ сіздің жауабыңызға тікелей жауап осы баптың 6 тармақшасында орын алған, оған сәйкес, куәгер дәлелдi себептерсiз келуден немесе өзiнiң мiндетiн орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн әкiмшiлiк жауапқа тартылады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста