Күмбез бен мұнарадағы жарты ай белгісі ненің нышаны?

Күмбез бен мұнарадағы жарты ай белгісі ненің нышаны?

Мешіт мұнарасындағы ай символдары бүкіл дүние жүзінде баршылық. Ал, ол бұрын Пайғамбар (с.ғ.с.) кезінде болмаған, соның ара-жігін ажыратып берулеріңізді сұраймын...
Мұрат Демеуов
Ислам – таухид діні. Тек, Алла Тағала ғана құлшылық етуге үндейтін дара дін. Ай мен жұлдызға тіпті, пайғамбар мен періштеге құлшылық етуші Алла Тағалаға қарсы келуші кәпір есептеледі. Құран Кәрімде күн, ай және басқа да құбылыстарға құлшылық етуден қатаң тиып: «Әрі түн мен күндіз және күн мен ай – Оның белгілерінен. Күнге де, айға да сәжде жасамаңдар, оларды жаратқан Алланың Өзіне ғана сәжде жасаңдар, егер құлшылықты Оған арнап істейтін болсаңдар[1]»,-деп әмір етілген.
Күн шығып немесе батып жатқанда онымен таласып намаз оқудан тиюдың да сыры осында. Мұсылманның құлшылығы күнге табынатындарға ұқсап кетпеуі үшін.
Ал, жаңа туған айға келсек, мұсылмандардың құлшылықтарына қатысы бар жаратылыс. Құран Кәрімде: «(Ей, Мұхаммед!) Олар сенен жаңа туған айлар жайлы сұрайды. Айт: «Ол – адамдарға және қажылық үшін уақытты белгілеу (есептеу)»,-деп...[2]»,-деп айтылғандай рамазан айы және айт күндерінің басталғандығы айдың тууына қарап есептелінетіні белгілі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да: «Аллоһуммә әһлилһу ъәләйнә бил юмни уәл иман уәс сәләмәти уәл ислам, Робби уә Роббукә Аллаһ» (мағынасы: Уа, Алла! Жаңа айда бізге жеңілдікпен, иманмен, амандық және Исламмен еткейсің. Менің Раббым және сенің (туған ай) Раббың – Алла[3]»,-деп дұға етуі де сондықтан.
Мешіт мұнараларына жарты ай белгісін қою жайлы ешбір хадис пен дерек жоқ. Бірақ, бұл жарты айды қоюға тыйым салынады деген сөз емес. Алғашқыда мешіттердің мұнарасы да болмаған. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дәуірінде мешіттер мұнарасыз еді. Мұнаралы мешіттер кейінірек пайда болды. Мұнараға деген қажеттілік туындады. Сонымен бірге, ешбір заманда ғұламалар бұған қарсылық білдірген жоқ. Сол сияқты, жарты ай белгісі Меккедегі әл-Харам мешітінен бастап барлық мешіттерде мұсылмандар рәмзі ретінде орнатыла бастады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста