Күнде көңілді жүрудің 9 ережесі

Күнде көңілді жүрудің 9 ережесі

Адам табиғаты сан қилы. Біреулер көңілді жүргенді ұнатса, біреулер томаға-тұйық жүргенді қалайды. Десе де күнде көңілді жүргенген не жетсін, шіркін?!

Адам өз көңіліне өзі ғана жауапты. Болмашыға қабақ шытып, бұлқан-талқан болып ашуланудың түк те қажеті жоқ. Бастысы өз көңіліңізді өзіңіз көтере біліңіз. Олай болса сіздерге көңілді жүрудің 9 ережесін таныс етпекпіз.

1. Күнде күліп жүріңіз. Қайғыда да, қуанышта да бұлт астынан күн шығарын естен шығармаңыз. Жалғыз қалсаңыз да өзіңізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлай біліңіз. Өзгелерге де күліп тіл қатыңыз. Көтеріңкі көңіл-күй сәттіліктің жаршысы бола алады.

2. Ұтқыр ойлай біліңіз. Кез келген жағдайдан шығар жол барын ұмытпаңыз. Шешілмейтін түйін болмайды. Келеңсіздіктен кейін қуанышты күн боларын сезініңіз. Мысалы, сүйген адамыңыз тастап кетсе, өмірден түңілудің қажеті жоқ. Сізді бағалайтын жан әлі алдыңызда деген сөз.

3. Өзіңізге үлкен сенім артыңыз. Күнде таңертең айна алдына келіп, күні бойы көңілді жүруге өзіңізді сендіріңіз. Өзгелер де көңілді жүруіне септігімді тигіземін деп ойлаңыз. «Менің қолымнан келмейді» деген ойды санаңыздан шығарып тастаңыз.

4. Өзгелермен жиі араласыңыз. Күніне кем дегенде 5 адамға қоңырау шалып, хал-жағдайын біліп тұрыңыз. Ағайын-туыс, дос-жаран, таныс адамдармен сөйлесу арқылы өзіңіздің де, өзгелердің де көңіл-күйін көтересіз.

5. Таза ауада көп серуендеңіз. Таза ауа мен күннің шуағы адам көңіл-күйіне ерекше әсер етеді. Күннен төгілген нұр адам миына пайдалы. Шуақты күнмен адам көңілі де шуақтана түседі.

6. Тәтті тағамдардан бас тартпаңыз. Шоколад құрамындағы эндорфинді "шаттық гормоны" деп жатады. Шындығында таңертең тәтті тағамдармен шай ішкен адам күндегіден көңілді жүреді екен. Сонымен қатар ірімшік, банан, апельсин, брокколи және балық тағамдары көңіл-күйді көтеретін ас қатарына жатады.

7. Өзіңізге мереке жариялаңыз. Күніңізді бірсыдырғы өткізе бермей, өзіңізге бір күні сыйлық жасауды да ұмытпаңыз. Дүкен аралап, өзіңіз қалаған заттарыңызды сатып алыңыз.

8. Жылдам шешім қабылдап үйреніңіз. Еш қорықпастан алға қадам басыңыз. Қиын жағдайларда жылдам шешімін тауып, жоспарыңызды жүзеге асыра біліңіз. Өмір бойы армандамай, апта соңына дейін-ақ арманыңызды орындауға тырысыңыз. Өйткені, сізді екіншісі күтіп тұр.

9. Өзіңді күнде еркін сезініңіз. Өміріңіздегі, болмаса жұмысыңыздағы қатып қалған қағидаларды бұзуға талпыныңыз. Мүлде болмаса, білмей жасағандай кейіп танытыңыз. Себебі күнде қайталана беретін кейбір қағидалар жалықтырып жіберуі мүмкін.

Көңіл-күй – жанның айнасы. Көңіліңізді түсірген жағдайларды тез ұмытуға тырысыңыз. Жалпақ тілмен айтқанда, кей келеңсіз, түкке тұрғысыз дүниелерге ат үсті қараңыз. Көңілді жүру кез келген адамның қолынан келеді.

Жүзіңізден күлкі кетпесін!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста