Құрсақтағы балаға УДЗ жасап смартфоннан көре аласыз

Құрсақтағы балаға УДЗ жасап смартфоннан көре аласыз

Бүгінгі мақалада жүкті әйелдер үшін көптеген мүмкіндік сыйлайтын гаджеттер, яғни құрылғылар жайында маңызды ақпараттар береміз.

Бұл құрылғылар сәбиіңіздің және өзіңіздің денсаулығыңызға байланысты мәліметтер бере алады. Бірақ, бұларды көптеген болашақ аналар білмеуі мүмкін.

Фетальді допплер

Құрсақтағы сәбиінің жүрек қағысын есту — кез келген ана үшін бақыт. Әрине, мұндай дүние жүктіліктің алғашқы апталарында тек дәрігердің көмегімен орындалады. Бірақ жүкті әйелдер баланың жүрек қағысын күнде естігісі келсе, оған «фетальді допплер» құралы көмектесе алады. Яғни, бұл құрылғыны қолдану арқылы баланың жүрек қағысын жүктіліктің 10-аптасынан бастап кез келген уақытта естуге болады.

Гаджет қалай жұмыс істейді?

Болашақ ана құрылғының сенсорын ішіне қойып, жүрек ырғағы анықталғанға дейін жылжытып отыруы керек. Аспаптағы сәулелі толқындар құрсаққа өтеді және сигнал түрінде қайтарылады. Сосын, допплер есептегіші баланың жүрек ырғағы мен соғу жиілігі туралы ақпаратты өңдейді де, алынған деректер экранына шығады, дыбысты құлаққаппен немесе динамиктен естуге болады.

Қаржы жағынан да қиналмайсыз. Мысалы, «Angelsounds JPD-100S» деген арзан үлгісін сатып алуға болады. Бірақ ол құрылғымен тек қана есту процесі жүреді, яғни экраны болмайды. Ал, ақпараттарды көргіңіз келсе, смартфонға немесе планшетке қосуға болатын «Bellabeat Connected System» және «Bellabeat Shell» деген үлгісін алуға болады, олар iOS және Android жүйелерінде жұмыс істей алады.

Телефонға қосудың пайдалары:

● телефонға қосу арқылы жүрек қағысын онлайн режимде тыңдауға және дыбысты аудиожазба форматында сақтауға болады; 

● баланың қозғалысын бақылауға және арнайы бейнеге түсіруге мүмкіндік береді;

● жазылған дыбысты немесе видеоны туған-туыстар мен достарға электрондық пошта арқылы жіберуге болады;

● құрылғы компьютерге де қосылады, демек файлдарды сонда сақтауға және CD-ға жазуға мүмкіндік сыйлайды;

● қосымшаның күрделі функциялары баланың дамуын талдауға және қалыптан ауытқыған жағдайда дұрыс кеңестер беруге қабілетті.

Құрылғымен бірге компьютерге қосуға арналған сым, нұсқаулық, қуатау құралы және құлаққап болады.

Артықшылықтары:

● Қауіпсіздік – фетальді допплер ақпарат алуға арналған ең қауіпсіз құралдардың бірі болып саналады, дегенмен аспапты сатып алатын кезде маманмен кеңескен артық етпейді.

● Ыңғайлылық – көптеген допплерлер батареямен жұмыс істейді, сондықтан құрылғыны барлық жерде алып жүруге болады. Сонымен қатар, көптеген допплерлердің өлшемі жинақы келеді.

● Жүктіліктің бақытты сәттерін дыбыс немесе бейнежазбалар ретінде сақтауға мүмкіндік береді.

Кемшілігі:

● Аспап баланың жүрек соғысы туралы хабардар етеді, бірақ Сіз ол ақпараттардан толық денсаулығы жайлы қорытынды жасай алмайсыз. Яғни, құрылғы арнайы маманның орнын баса алмайды.

Пульсоксиметр

Таза ауамен дем алу – жүкті әйел үшін өте маңызды. Егер жүкті әйелге оттегі жетіспесе, онда балада гипоксия пайда болуы мүмкін. Бірақ бұған алаңдамаңыз, бақытымызға орай осы гаджеттің көмегіне жүгініп, ағзаның оттегімен қанығу процесін бақылауға болады.

Бұл қалай жұмыс істейді?

Алдымен құрылғыны саусаққа кию керек, содан соң аппарат теріні арнайы жарық сәулесімен тексеріп, қан тазалығын анықтайды. Сол көрсеткіш бойынша оттегімен қанығу туралы қорытынды шығарады және жүректің қаншалықты қарқынды жұмыс істейтінін де анықтай алады.

Сонымен қатар, жақында смартфонмен қосылып жұмыс істейтін үлгілері пайда болды. Мысалы, iOS және Android жүйесіндегі смартфондарға қосыла алатын Masimo, iHealth деген түрлерін айтсақ болады. Бұл гаджеттер нақты өлшеу нәтижелерін көрсететін арнайы қосымшалардың көмегімен жұмыс істейді. Сондай-ақ, қосымшалардың көмегімен көрсеткіштерді бөлісуге және деректерді сақтауға болады.

Артықшылықтары:

● Құрал арқылы кез келген жерде жедел және дұрыс ақпарат ала аласыз.

● Пульсоксиметрлер, соның ішінде смартфондармен үйлесетіндері жинақы болады, демек өзіңізбен бірге алып жүруге ыңғайлы.

Кемшіліктері:

● Бағасы қымбатырақ.

● Кейде көрсеткіштерді шамалы бұрыс көрсетеді.

Смартфонға қосылатын УЗИ сканер

Болашақ аналар арнайы УЗИ-лер арқылы сәбиін көреді және баланың денсаулығы, жынысы, жағдайы және салмағы туралы ақпарат біле алады. Бірақ, жүктіліктің 9 айында ультрадыбыстық УЗИ-ге 3-5 рет қана түскен дұрыс. Ал ұялы телефонға қосылатын УЗИ-сканердің көмегімен Сіз сәбиіңізді жиі көре аласыз.

Бұл қалай жұмыс істейді?

MobiUS – бұл сым арқылы смартфонға қосылатын сенсорлы УЗИ. Пайдалану үшін құрылғыдағы сканерлеу тетігін басып, сенсордың сырғуын жақсартатын гельді жағу және құрылғыны ішіңіздің сыртынан жүргізіп отыру жеткілікті. Содан кейін, смартфон экранынан баланы көруге болады.

Артықшылықтары:

● Бұл ықшам сканерді қаалтаңызға салып, бірге алып жүруге болады.

● Гаджет толық қуатпен 1сағаттан астам жұмыс істей алады және қайта қуатталуы оңай.

Кемшіліктері:

Аппараттың бағасы қымбаттау.

● Бұл гаджетті алдын ала тапсырыс бойынша және медициналық білімі болған жағдайда ғана сатып алуға болады.

● Дәрігерлердің айтуынша, УЗИ-ді жиі қоланған дұрыс емес.

Осы ақпараттарды керегіңізге жарату және ережелерді сақтау Сіздер үшін өте маңызды!

Дайындаған Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста