Күйеуіңіз үйден неге қашатынын білесіз бе?!

Күйеуіңіз үйден неге қашатынын білесіз бе?!

Психологогтар бір кездері өзі іңкәр болған әйелін жар ретінде алған соң, көп еркектің өз үйінен өзі қашатынын айтады. Осы орайда психолог Айсұлу Рәшқызынан әйелдердің жолдастарының үстінен ең жиі айтып келетін шағымы қайсы деп сұрағанымызда да «Ер адамның үйленіп алған соң үйде тұрмауы» екенін айтты. Тіпті сондай оқиғалардың бірімен таныстырып, психолог ретінде кеңесін де ұсынды. Сонымен «Жолдасым өз үйінен өзі қашады. Әйтеуір әрнәрсені сылтауратып, сыртта жүре бергісі келеді. Тіпті демалыста да жолдастарын, әріптестерін сылтауратып, банясын, шаштаразын айтып үйден қашады. Ұрса ұрса өзім түңіліп кетем өмірден. Қанша рет өзімнен кемшілік іздегенмен болмады» деген хатын да ұсынды.
Осы орайда еркек құпиясы бетінде ер адамның бір мәселесі — өз үйінен неге қашуының сырына үңіліп көрдік...
Біздің қазақ әйелдері тұрмысқа шыққан соң тұрмыстық мәселелерге басымен кіріп кетеді. Ері сырттан келе сала, «Ана балаң тағы бүгін екі алыпты, қызыңа сырт киім керек, былтырғысы кішірейіп қалыпты, ана жүгірмек бүгін мені заржақ қылды тыңдамайды» деп әйтеуір бар мәселені табылдырықтан жолдасы кірмей жатып төгілте жөнеледі. Ал ер адам сырттан үйіне жылулық, тыныштық, демалыс іздеп келеді. Әйелінің әрекеті қайталана берсе, еріксіз өз үйінен қаша бастайды. Тіпті уақыт өте көңілдес тауып алуы мүмкін. Ал сырттағы көңілдесі еш мәселе айтпайды. Құшақ жая қарсы алады. Содан кейін «неге көңілдес ұстайды» деп бас салып еркекті кінәлай жөнелеміз. Еркек пен әйелдің болмысы бір біріне мүлдем ұқсамайды. Осыны ескеру керек.
Күнделікті кездесетін, бір қарағанда, аса мән беруге тұрарлық емес жайт тәрізді. Алайда, осы сияқты ұсақ-түйек мәселелер отбасының шырқын бұзатынын ұмытпаған жөн. Енді, аталмыш мәселенің шешімін іздеп көрейік. Басқаша айтқанда, неліктен еркек ондай екенін қарастырайық.

Бірінші жайт. Маңызды ереже деп айтсақ та болады. Құран Кәрімде: «...Еркек әйел сияқты емес...»,-деген аят бар. Еркектер түбегейлі әйелдерге ұқсамайды. Әйел сезімтал, сезімі басым боп жаратылған. Ал, еркек ондай емес. Бір ғана мысал, қыз тұрмысқа шыққан соң ең алғаш төркіндеп келгенде ата-анасының үйінде не сезінеді? Ата-анасының үйін мүлде бөтен шаңырақ сияқты көрінеді. Өйткені, әйелдің бар ойы мен болмысы күйеуінің отбасына ойысып үлгерген. Міне, бұл Құдайдың әйелге бойына бітірген жаратылысы осындай. Еркек мүлде сезім атаулыдан айырылған деп айту дұрыс емес. Бірақ, оның сезімі мен ақылы арасында ерекше тепе-теңдік бар. Ер азамат үшін үй –жаны жай тауып, тынығатын құт мекені. Сонымен бірге, оны түзде күтіп тұрған көптеген шаруа бар. Оның қыруар тірлігі үйдің сыртында. Үйде көп уақытын өткізу еркектің табиғаты емес. Түзде жүрсе, шаңырағының керек-жарағын түгел қамтамасыз ете алады.
Екінші жайт. Еркекті үйінен шығуға итермелейтін жайттар көп. Дертке қарсы дауа айтпас бұрын, дерттің өзін анықтап алайық. Басты дерт – отбасындағы ұрыс-керіс. Жанжал бітпейтін шаңырақтан еркек жан тыныштығын түзден іздей бастайды. Десе де, бұл шешім емес. Бірақ, ұрысқақ әйелден уақытша болса да құтылудың жолы ретінде еркек түздегі күйбең тіршілікпен өзін алдайды. Оның басты себебі шаңырақ еркек үшін тыныштық пен рахат жоқ жерге айналады. Күйеуінің жұмыстан кеш келіп, ас-суын іле-шала тамағын ішіп ұйқыға жатып қалатын болса, неге бұлай болып жатыр деген сұрақты әйел күйеуінен бұрын өзіне қойғаны дұрыс. Жауабын да ең әуел өзінен іздегені жөн.
Үшінші жайт. Жұмыс спецификасы. Ер азаматтың екі бірдей жұмыста қызмет етуі немесе жұмысының күрделігіне орай еркек көбіне түзе болуға мәжбүр болуы мүмкін. Кейбір кісілер түннің жарымына дейін жұмыс істеуі қажет болады.
Төртінші жайт. Бақытты етуге әрекет ет. Бұл орайда бір ғана айтарым, күйеуіңді түзде жүру бақытты етсе, оны ұстама. Былайша айтқанда, күйеуің мен оның бақыты ортасында кедергі болма. Ат айналып қазығын табады дегендей еркіне жібер, оның өршіп кетуіне жол берме. Мұндайда күйеуіңнің түздегі бақытынан асып түсетіндей шаңырағының ішінде бақыт пен құт мекенін орната біл. Күйеуіңді үйде күштеп ұстап, өзіңнен күн санап алыстата берме. Күйеуің үйге асығып тұру үшін ешбір жанжал шығармай, үнсіз әрекет ету керек болған мына мәселелерге мұқият бол:
Үй іші таза және қош иісті әрі жайлы болсын;
Күйеуіңді қонағыңдай сыйла;
Жұмыстан келген күйеуіңді мазасыз алатын жайсыз және жаман жаңалықтарды айтып қарсы алма;
Күйеуіңе құрмет пен сүйіспеншілігіңді білдіретін әрекеттер жаса. Күйеуіңнің сырт бейнесінен оның бақытты немесе жаны рақат тапқанын байқамауың мүмкін, десе де жұмсақ сөздер мен құрметті әрбір еркек іштей жақсы бағалайды.
Сырт бейнеңе ерекше мән бер. Күйеуіңнің көзінше ескі-жаман киіммен жүрме.
Психолог мамандар осылай дейді! Екі адамның қарым қатынасында тағы да әйелді кінәлап тұрған жоқпыз ба? Әкелік міндет, жұбайлық қамқорлық, отағасылық парыз деген ұғымдар бүгінде қаншалықты маңызды? Отбасында, бала тәрбиесінде ер адамның маңызы қаншалықты?!

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста