Сұрақ-Жауап. Кеңес

Қырықтан асқан әйелдердің түйсігі өткір

  • Қырықтан асқан әйелдердің түйсігі өткір

    Қырықтан асқан әйелдердің түйсігі өткір

Жасым келген сайын қырықтан асқан әйелдерге деген құрметім өсіп келеді. Оның себебі көп. Мысалы, қырықтан асқан әйел ешқашан сені түн жарымында оятып, «Не ойлап жатырсың?» деп сұрамайды. Оның сенің не ойлайтыныңа түкіргені бар.

Егер қырықтан асқан әйелге сенімен бірге отырып теледидар көру қиын болса, сол үшін шашын жұлып, байбалам салмайды. Сенің жаныңда уақыт жолғатқанша, өзіне ұнаған іспен айналысады. Және көбінесе ол айналысқан іс – сенің теледидарыңнан әлдеқайда пайдалы әрі қызықты болып шығады. Қырықтан асқан әйел өзін өте жақсы біледі. Өзіне бек сенімді. Кім болғысы, не жасағысы келетінін де анық біледі. Кімнен не қалайтынын да нақты біледі. Мұндай жастағы әйелдердің көбісін сенің ол туралы, не ол істеп жатқан іс жөнінде пікірің қызықтырмайды. Қырықтан асқан әйелдер өте намысшыл. Мейрамханада, не операда отырғанда саған майдан ашып, ұрыс-керіс шығармайды. Әрине, егер өзің кінәлі болып тұрсаң, ол жазаланбайтынына анық көзі жетсе, ешкім көрмейтін жерде атып кете алады.

Қырықтан асқан әйелдер мақтау сөзге жомарт келеді. Көбіне лайықсыз мақтай береді. Себебі, олар жақсылықты қадірлемеудің не екенін жақсы біледі. Қырықтан асқан әйелдер сені құрбыларымен тез таныстырады. Өйткені, өзіне сенімді. Жас қыздар серігін құрбыларына таныстыруға асықпайды. Себебі, серігіне сенімі болмайды. Қырықтан асқан әйелге сен оның құрбыларын сұлу деп мақтасаң да бәрібір. Ол құрбылары ешқашан сатып кетпейтінін жақсы біледі.

Қырықтан асқан әйелдердің түйсігі өткір. Оның алдында сылтау айтып ділмәрсудың қажеті жоқ. Олар онсызда сен туралы бәрін біледі. Қырықтан асқан әйелдерге қып-қызыл помада керемет жарасады. Жастар туралы олай дей алмаймыз. Көзінің айналасындағы бірді-екілі әжімін байқамауға тырыссаң, қырықтан асқан әйелдер жас қызға қарағанда әлдеқайда шырайлы, тартымды, баурап алатын бір құдіреті болады.

Қырықтан асқан әйелдер үнемі ашық, жалған сөйлемейді. Егер сен нақұрыс болсаң, өзіңді мал сияқты ұстасаң, оныңды бірден бетіңе айтады. Ол сен туралы не ойлап қалды екен деп ешқашан қиналмайсың. Сондықтан қырықтан асқан әйелдерді құрметтеудің себебі көп.

Өкінішке орай, қырықтан асқан еркектер туралы дәп осылай айта алмайсың. Әрбір сүйкімді, келісті, ажарлы, ақылды, жақсы күтінетін қырықтан асқан әйелге - қарны қампиған, тізесі шығып кеткен шалбар киіп, жиырма жасар даяшы қыздың көзінше өзін есерсоқ қып көрсететін қырықтан асқан еркек бар.

Ханымдар, сіздерден кешірім сұраймын. «Сиырды тұтас сатып алып не керек, сүтті тегін ала алсаң» дейтін көкезу еркектер үшін менде бір жаңалық бар. Бүгінгі таңда әйелдердің 80 пайызы неке құруға құлықты емес. Неге? Себебі, бір шұжық үшін бүтін шошқаны сатып алудың мәнісі кеткен.

Энди Руни

Аударған Шынар Әбілдә




Көрілген: 1802    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.12.2017, 14:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан, 00:07
    Ақ түстің энергиясы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31