Сұрақ-Жауап. Кеңес

«Мәдениетті» қашан көреміз?

Елімізде «Мәдениет» телеарнасы ашылады деп естіп едім. Ол қашан іске қосылады?

Айдана ҚОЖАБЕРГЕНҚЫЗЫ,
Өскемен қаласы

Еліміздің Байланыс және ақ­па­рат министрлігі таратқан мә­лі­мет­терге сенсек, биыл – 100 па­йыз қазақ тілінде хабар тара­та­тын «Мәдениет», ал 2012 жылы «Бі­лім» телеарнасы ашылады. Өт­кен жылы «Бала­пан» теле­ар­на­сы іске қосылып, көпшілікті қуа­нышқа бөлеген. Балалар мен жас­өспірімдерге арналған «Қа­зақстан» респу­бли­калық те­лер­а­дио корпора­ция­сының базасын­да құрылған бұл жаңа телеарна ка­бельдік же­ліде мемлекеттік тіл­де шы­ғып жүр.

ҚР байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, «2011 жылдың нау­рыз айында «Қазақстан» мен «Ха­бар» телеарналарының база­сын­да «Мәдениет» радио­сы ашы­лады. Ал осы жылдың қыр­­кү­йегінде «Қазақстан» ұлт­тық те­ле­арнасының негізінде та­за қа­зақ тіліндегі «Мәдениет» те­ле­­ар­на­сы ашылады. Сонымен қа­тар «Бі­лім», «Ақпарат» және «Іс­кер­лік» арналарының тұ­жы­рым­да­ма­сын әзірлеп қойдық. Тиісті қар­жы бөлінсе, 2012 жыл­ға де­йін іске асады». Осы­ған қара­ған­да, алдағы уақыт­тар­да еліміз бо­йын­ша салалық те­леарналар қа­лып­тасып, да­ми­тын болады.

Аталған жобалар негізінен мем­­лекеттің тапсырысы бо­йын­ша кезең-кезеңімен жүзеге асы­­ры­лады деп күтілуде.




Көрілген: 2029    Пікірлер: 1

сәрсенбі, 02.02.2011, 10:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қаңтар, 11:17
    Ұлағаты мол 7 ұстаным
    14 Қаңтар, 11:26
    Біле жүретін 83 факт
    29 Желтоқсан 2018
    Жігіттің 9 жауы
    29 Желтоқсан 2018
    Күйеу таңдай білесіз бе?
    29 Желтоқсан 2018
    Cу ішудің 10 себебі
    25 Желтоқсан 2018
    «Түс — тәңірдің аяны»
    24 Желтоқсан 2018
    10 түрлі ерекше сыйлық

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31