Махаббаттың қандай түрлерін білесіз?

Махаббаттың қандай түрлерін білесіз?

 «Ғашықтар күні» жақындаған сайын махаббат туралы жазу, сол туралы толғану көбейіп кетті. Бұл – заңдылық. Себебі Қозы Көрпеш Баян Сұлудың махаббатына құндылық ретінде қараған еліміз 15 сәуір күнін махаббат күні ретінде атап өтіп келеді. Дегенмен махаббат тек екі жас арасындағы ғашықтық сезім ғана ма?

Махаббат – сегіз әріп, бір арман. Иә, оның түрі көп. «Махаббат» деген сөздің өзі кең ауқымды қамтып жатқан сөздік қор.

Анаға деген махаббат

Адам баласы дүние есгіні ашқан күннен бастап, үздіксіз тәулік бойына бір-ақ жүзді көріп өседі. Ол – анасы. Анаға деген баланың, ананың балаға деген махаббаты ең ұлы сезім. Себебі екеуара сезімді ешкім сезіне алмайды. Оны тек жан дүние сезеді, жүрек қабылдайды. Анаға деген махаббат ең ұзақ сақталатын, мәңгі өлмейтін махаббат. Оның өзге бір сезіммен алмастыру мүмкін емес.

Отанға деген махаббат

Отан – әрбір адамның махаббаты. Себебі Отансыз, елсіз өмір сүру қиын. Қазақ «Отан оттан да ыстық» дейді. Бекер айтпаса керек, Отан алдындағы борышты сезіну, оны махаббатпен ұштастыру үлкен ұғым. Отанды сүю арқылы сен айналаңдағы адамдарды сүйесің. Сүйіп қана қоймайсың, жауапкершілік дейтін дүниенің құнын түсінесің.

Досқа деген махаббат

Дос – адал серік. Оған деген махаббатты білдіру сеніммен өлшенеді. Досқа сену, оған құрмет көрсету және қолдау сіздің оған деген шынайы сезіміңіз. Сезімнің бәрі сүю немесе күю деген сөз емес. Екеуара қарым-қатынасқа түсе отырып, бір мақсат жайында әңгіме құру. Достың адалдығы, достың сертінде тұруы оның махаббатын көрсетері анық.

Сүйіктіңе деген махаббат

Ғашықтық – нағыз махаббат сөзінің мәні. Жоғарыда айтып өткен махаббаттардан ерекшелігі мұнда сіз сезініп қана қоймайсыз, іздейсіз, сағынасыз, сабыласыз, аңсайсыз, есіңіз кетіп, шөлдейсіз. Бұл махаббат нағыз махаббаттардың жаршысы. Сүйіктіңе деген махаббат ішінде сыйластық, құрметтеу, жақсы көру, ұнату деген сынды қасиеттер болады. Сондықтан болар, бұл махаббаттың бәсі артық.

Өзіңе деген махаббат

Адам өзің сүю арқылы өзгені сүйе алады. Өзіне көңілі толмаған адамның өзгеге көңілі толмақ түгілі, ол жайында жақсы ойлай алуы мүмкін емес. Өзіңе деген махаббат арқылы ортаңды жақсы көресің, жұмысыңды, қоғамды, еліңді жақсы көресің. Бұл сезімнің ерекшелігі іштей өзіңмен-өзің қалып, жан дүниеңмен сырт шетісу, оған есеп бере отырып, жаныңмен бағыну. Бұл негізгі деген көп түрлі махаббаттың негізгілері ғана. Әр дүниеге деген махаббат әртүрлі. Сондықтан қандай жағдай болмасын махаббаттарыңызды сақтаңыздар!

massaget.kz
 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста