Сұрақ-Жауап. Кеңес

Медсақтандыруға ақша аудармағандар айыппұл төлей ме?

  • Медсақтандыруға ақша аудармағандар айыппұл төлей ме?

    Медсақтандыруға ақша аудармағандар айыппұл төлей ме?

 Міндетті медициналық сақтандыру қоры МӘМС жарналарын уақытында төлемеген немесе төлеуден жалтарғандарға қандай шара қолданылатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Жарналар мен аударымдарды дер кезінде төлемегені үшін мемлекеттік кірістер органдары әр күн үшін ҚР Ұлттық банкі бекіткен қайта қаржыландыру ресми мөлшерлемесінің 1,25 есе көлемінде өсімақы тағайындайды. Мәселен, МӘМС жарнасын төлеу 30 күнге кешіктірілсе, 150 мың теңге жалақы алатындардың өсімақысы 16,41 теңгені құрамақ», - деп жауап берді Міндетті медициналық сақтандыру қоры ҚазАқпарат сауалына.


Қордың мәлімдеуінше, өндіріп алу жұмысы мемлекеттік кірістер органдарының борышкерге хабарлама жіберетін инкассолық өкімі арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік кірістер органдары қалыптасқан қарыздар шегінде борышкердің банктік шотынан ақша өндіріп алуға құқылы.


«Жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарна аударымын кешіктіргені үшін немесе толық төлемегені үшін ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне (92-1 бап) сәйкес, әкімшілік жауапкершілік қарастырылған», - деп атап өтті Қордың баспасөз қызметі.


ҚазАқпарат




Көрілген: 975    Пікірлер: 0

жексенбі, 04.03.2018, 20:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан, 00:07
    Ақ түстің энергиясы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31