Сұрақ-Жауап. Кеңес

Менингиттің аталған 8 белгісін барлық ата-ана білуі тиіс

  • Менингиттің аталған 8 белгісін барлық ата-ана білуі тиіс

    Менингиттің аталған 8 белгісін барлық ата-ана білуі тиіс

Менингит – ми мен жұлын қабықшасының қабынуымен байланысты дерт түрі. Бұл аурудың пайда болу себептері әр түрлі болғанымен, белгілері ұқсас келеді.


Аталған ауруға көбіне балалар шалдығады екен. Сондықтан менингиттің барлық ата-ана білуі тиіс 8 белгісін ұсынамыз.


Аяқ асты дене қызуының көтерілуі


Менингит белгілерінің бірі – Аяқ асты дене қызуының көтерілуі. Бала қалтырап, үнемі тоңатынын айтып шағымданады.


Науқастың бірден дене қызуы көтеріледі. Мұндай жағдайда дене қызуын бірден түсіру мүмкін бола қоймайды. Алайда дәл осы ауру нышаны басқа да дерт түрлерінде кездесетіндіктен, бала денсаулығындағы өзгерістерге мән беру керек.


Бас ауруы


Менингитке шалдыққанда, бас ауруына шыдай мүмкін емес. Сонымен қатар ауру мойынға да әсер етуі мүмкін. Бірақ басының қатты ауыруы себепті, көпшілік мойнының ауырғанына мән бере бермейді.


Ал жаңа туылған нәресте еңбегінің томпайып тұруы менингит белгісі болуы ықтимал.


Көздің бұлдырап көруі


Менингитке шалдыққан адам бір нүктеге қарай алмайды, сондықтан алдындағы заттар екеу болып көрінеді.


Іш ауруы, жүрек айнып, құсу


Менингитке шалдыққан адамның тәбеті жоғалады. Оның үнемі жүрегі айнып, іші ауырып, жиі құсуы мүмкін.


Жарықты қатты сезіну


Менингит белгілерінің бірі – жарықтан қорқу. Жарық жерде баланың көзі жасаурайды. Тіпті жүрек айнуы мен бас ауруы асқына түседі.


Желке бұлшықетінің қатаюы


Менингитке шалдыққан адамдар көбіне басын шалқайтып, аяғы бүгілген күйде қырынан жатады. Науқас мойнын жаза алмайды.


Науқас аяғын жаза алмайды


Егер баланың мойнын ие алсаңыз, дәл осы сәтте бірден аяғы бүгіледі. Бұл құбылыс Брудзинскийдің жоғары синдромы деп аталады. Менингит кезінде бұл белгімен бірге Керниг синдромы қатар жүреді. Мұндай уақытта аяқты 90°-қа көтергенде, тізені жазу мүмкін емес.


Денедегі бөртпелердің түсін сақтап қалуы


Менингитке шалдыққанда, денеде бөртпелер пайда болуы мүмкін. Оларды бөртпенің басқа түрлерінен қарапайым тест арқылы ажыратуға болады.


Мөлдір шынылы стақан алып, бөртпелердің үстінен басыңыз. Бұл кезде стақан астындағы тері ағаруы тиіс. Егер терімен бірге бөртпелер де ағарса, менингит белгісі болмағаны. Ал бөртпелер түсін сақтап қалса, дәрігер көмегіне жүгінгеніңіз абзал.


Не істеу керек?


Менингит – қауіпті ауру. Сондықтан аталған ауру белгілерін байқағанда, бірден жедел жәрдем шақыру керек. Дәрігерлер келгенше науқасты тыныштықта қалдырып, бөлмені жарықты сөндіру қажет. Жедел жәрдем келгенде, дәрігерге ауру белгілерін айтқаныңыз жөн. Сондай-ақ мұндай жағдайда ауруханада жатудан бас тартпаған абзал. Себебі бұл дертпен тек ауруханада ғана тиімді түрде күресуге болады. 


ernarelmuratov.islam.kz




Көрілген: 776    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 28.11.2017, 19:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    31 Желтоқсан 2017
    Ит жылынан не күтесіз?
    23 Желтоқсан 2017
    Бесік қашан пайда болған?
    15 Желтоқсан 2017
    Көлік атауларының тарихы
    6 Желтоқсан 2017
    Миллиардерден 5 кеңес

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31