Намазда сәһу сәждені жасауды ұмытса, намазы дұрыс па?

Намазда сәһу сәждені жасауды ұмытса, намазы дұрыс па?

Сәһу сәждені орындау - уәжіп амалына жатады. Əйткенмен, сәһу сәждесін жасауды ұмытып, намаздан шығып қойған жағдайда, қайта оқудың қажеті жоқ.

Дегенмен, сәһу сәждені ұмытқан кісі намаз соңында екі жаққа сәлем бергенімен, әлі орнынан тұрып (денесін құбыладан бұрып) үлгермеген болса және сөйлеу, күлу, тамақ жеу деген сияқты намазды бұзатын әрекеттерге барып қоймаған болса, қағдада отырған күйі екі рет сәһу сәждесін жасап, артынан қайта "аттахияту", "салауат" жәнә "рәббана" дұғаларын оқиды. Сосын әдеттегідей сәлеммен намазын аяқтайды.

Қосымша мәлімет ретінде мынаны да айта кетелік: сәһу сәждесі үш жағдайда жасалмайды:

Таң намазының соңында аттахияту оқып, сәлем бергеннен соң күн шығып кетсе, сәһу сәжде жасалмайды.
Асыр намазын оқып тұрған сәтте күн қызарып батуға шақ қалғанда да, жасалуы керек сәһу сәждесі жасалмайды.
Намаз соңында сәлем бергеннен соң, намаз бұзатын әрекеттердің бірі туындаған болса, сол күйінше сәһу сәждесі орындалмайды. Намазды қайта оқудың қажеті жоқ. Атап айтсақ, сәлемнен кейін дәрет бұзылса, күлсе, сөйлесе, тамақ жесе[1] т.б.
* Сәһу сәждесі - намазда кеткен кейбір қателіктер мен кемшіліктерді түзету мақсатында намаз соңында орындалатын әрекет. Үкімі – уәжіп. Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Кім де кім намазда күмәнданса сәлем беріп, екі сәжде жасасын», - дейді. Тағы бір хадисінде:«Намаздағы қателіктер үшін сәлемнен кейін екі сәжде бар», - деген. 

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста