Наурызда ат жарыстыруға бола ма, оның ережесі қандай?

Наурызда ат жарыстыруға бола ма, оның ережесі қандай?

Биыл Ұлыстың ұлы күніне байланысты ат жарыстарынан бәйге ұйымдастыруды қолға алған едім. Алайда ережелерін білмегендіктен, доданы алдағы уақыттың еншісіне қалдырдым. Менің білгім келгені, ат жарыстарының қарапайым да түсінікті ережесі бар ма?

Дидар МҰҢАЛБАЙ, ШҚО

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті Қ.Әбішев пен Қазақтың туризм және спорт академиясының доценті Х.Үнтаев ат жарыстарының мынадай қарапайым ережелерін былайша таныстырған еді: Тай жарыс – 1,5 жасқа дейінгі 3-5-7 ша қырым аралықтағы қашықтыққа шабылады. Тайдың үстінде салмақтары ауыр емес жас жеткіншектер ғана отыруы тиіс. Құнан жарыс – екі жастағы жылқы төлі арасындағы 10-15 шақырымдық жарыс. Тоқ бәйге жарысы – Бұған тай мен құнаннан басқа барлық жастағы аттар қатыстырыла береді. Бәйге 13-23 шақырымды құрауы керек. Жорға жарыс – жорғаға түсетін аттарды сыннан өткізу арқылы анықтайды. Атты алдымен бір айналымға жібереді. Егер әлгі сында ат үш рет шауып кетсе, жарысқа жіберілмейді. Сондай-ақ жарыс кезінде жорға ат шауып кеткен сайын уақытына 10 секундтан қосылып отырады. Егер шабыстың саны үштен асса, жарыстан шығарылады. Жарысқа 16-60 жас аралығындағы адамдар қатыса алады. Ал қашықтығы 2-4-6 шақырымды құрайды. Аламан бәйге – аттың жасы үштен асуы керек. Жарыс ұзақтығы 25-31шақырым болады. Ұлы аламан бәйге (Супер марафон) – жарыстың ұзақтығы 40, 60, 80, 120, 160 шақырымды құрап, бәйгеге түсушілер күні бойы жарысады. Бұл жарыстың ережесі Дүниежүзілік ат спорты ережесінде бекітілген.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста