Сұрақ-Жауап. Кеңес

Неге кей адамдар қанша тамақ жесе де семірмейді?

  • Неге кей адамдар қанша тамақ жесе де семірмейді?

    Неге кей адамдар қанша тамақ жесе де семірмейді?

Ғалымдар анықтағандай, бұл жағдайда ешқандай диета қауқарсыз. Бәрі әр адамның ДНҚ-сына байланысты.


Кембридж университетінің ғалымдары 14 мың адамға қатысты деректерді зерттеп, арық жандардың генетикалық тұрғыда сымбатты дене бітіміне бейім келетінін анықтады.


Барлық ғылыми іріктеменің ішінен адамдар дене массасының индексі төмен әрі денсаулығы мықты 1600 адамды таңдап алады. Осы жандардың 40 пайызы тамақты талғамай жей беретінен, бірақ артық салмақ қоспайтынын айтқан.


Зерттеудің екінші кезеңінде генетиктер арық адамдардың биологиялық деректерін жинап, саралау барысында бұл жандардың басым көпшілігінде зат алмасу процесін жеделдететін "арықтық гені" бар екенін анықтапты.


Ғалымдардың сөзіне сүйенсек, зат алмасу процесінің жылдамдығына жауап беретін гендерді толығырақ зерттеу нәтижесінде семіздік проблемасын бір жолата шешудің жолын табуға болады. Бұл гендер жұмысының механизмін негізге алып зерттеушілер семіздікке қарсы дәрі жасап шығармақ. Алайда бұл дәрі көпшілікке танымал май кетіргіш препараттарға мүлдем ұқсамайтын болады.


sputniknews.kz




Көрілген: 355    Пікірлер: 0

жұма, 25.01.2019, 23:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қаңтар, 12:49
    АДАМНЫҢ ҒҰМЫРЫ ЖАЙЛЫ
    26 Қаңтар, 15:21
    Сен кімсің?!
    25 Қаңтар, 15:03
    Батасыз өнбейтін 5 іс
    17 Қаңтар, 11:17
    Ұлағаты мол 7 ұстаным

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28