Сұрақ-Жауап. Кеңес

Нумерология құпиясы: Туған жылыңыздағы соңғы сан қандай?

  • © YouTube

    © YouTube

Психология өте қызық әрі құпиясы көп ғылым. Адам жанының құпияларын ашуға тырысу, әрине ол нақты шешімдер болмаса да, қызық емес пе?


Мысалы, сіздің туған жылыңыздың соңғы санына байланысты қытай күнтізбесіне сүйене отырып жасаған, мынадай қызық мәлеметтер бар екен. Біз өмір сүретін ғаламшарды үнемі негізгі тылсым күштер басқарады. Олар: ағаш, от, жер, ауа, су. Сіз дүниеге келген жылдың соңғы санына басланысты осы күштердің бірі басқарады. Ал, ол өз кезегінде сіздің табиғатыңызға, мінезіңізге әсер ететініне астрологтар толықтай сенімді.


Ендеше, сізде ұқсастығын байқап көріңіз!


Ауа. (0-1)


Cоңғы сан 0 немесе 1 болса, ауа немесе металлды адамсыз. Бұл белгідегі адамдар өмірді сүйетін, тәуелсіз жандар. Олар бірінші кезекте өздерін сүйеді, бірақ өзгелерге де қамқорлық пен сыйластың таныта алады. Қандайда бір жағдайда өз пікіріне ғана сүйенеді. Олардың өзгелерден айырып тұратын қасиеттері: шешімді тез қабылдайтындығы мен үмітшілдігі. Олардың алдында кедергі жиі болғанына қарамастан, алға қойған мақсаттарынан бас тартпайды. Жалғыздықтан қорықпайтын болғандықтан, олар үшін көбіне жетістік пен атақ қымбатырақ.


Ауа- бұл шығыс, мезгілі- күз, түсі- ақ.


Су. (2-3)


Бұл белгідегі адамдар көрікті әрі ақкөңіл жандар екен. Оларда сезімталдық, иілгіштік басым, десе де олар өте ақылды, озық ойлы. Су белгісіндегі адамдар қиялдауға құмар және онысын байқап көруге де қорықпайды. Олардың ішінде философтары мен ақылшылары көп-ақ, олардың қолынан бір емес бірнеше істің маманы болу келеді. Оларды интуиция өте жақсы дамиды екен, сонымен қатар жанындағы адамдардың көңілін аулауға, оларға көмектесуге дайын тұрады.


Су- бұл солтүстік, мезгілі- қыс, түсі- қара.


Ағаш. (4-5)


Ең бастысы олар- жомарт. Олар өз принциптеріне құрметпен қарап, кез- келген ақпаратты ақылмен сараптай алады, басқалардан айырмасы сенімі күштілігі. Оларда әртістік қабілетте жоқ емес, сондай-ақ, қиналған жанға қолын созуға даяр. Еңбексүйгіш болғандықтан, уақыт бос өткізгенді қаламайды. Ағаш белгісіндегі адамдар қолында бардың барлығына риза, және сізбен нағыз дос бола алатын жан.


Ағаш-бұл батыс, мезгілі- көктем, түсі- жасыл.


От. (6-7)


Үнемі тосын оқиғалардың себепшісі, жаңа нәрсені байқап көруден тайсалмайтындар. Олардың бойында энергияның көптігі сонша, үнемі жарысқа түскенді, жеңіп шыққанды қалайды. Олар жалғыз қалғанды ұнатпайтындықтан, жанына достарды да көптеп жинай алады. Сөзшең, өздерін жоғары бағалайтын, сенімділігі жоғары жандар.


От- бұл оңтүстік, мезгілі- жаз, түсі- қызыл.


Жер. (8-9)


Бұл белгі адамның шыдамды екенін білдіреді. Жақындарына келгенде жауапкершілігі жоғары. Олардың өзіндік амбициялары көп, идеяға бай. Әр мәселенің байыбына қарайлайтын, этикалық талаптарға көп мән беретін жандар. Олардың көбі ақшалы болып келеді және эмомоцияның адамы. Олар өздерін біреудің жақсы көргендігін қалайды.


Жер- бұл мезгілдердің ауысатын кезіндегі жауапты орталығы деп есептеуге болады, түсі- сары. 


reactor




Көрілген: 5427    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.09.2018, 12:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31