Сұрақ-Жауап. Кеңес

Өлгіңіз келмесе, 11 санынан аулақ жүріңіз

  • Өлгіңіз келмесе, 11 санынан аулақ жүріңіз

    Өлгіңіз келмесе, 11 санынан аулақ жүріңіз

Осыдан 17 жыл бұрын 11 қыркүйек күні, әлемнің саяси сахнасына үлкен бетбұрыс жасаған оқыс оқиға болды. Ол – АҚШ-қа қарсы жасалған теракт. Оны кім ұйымдастырды, кім жасады? Бұл әлі күнге нақты жұмбағы ашылмаған дүние. Тек болжамдар ғана айтылады.


Тілге тиек еткіміз келген жайт ол емес. Айтқымыз келгені, 11 деген санның өзегінде бір тылсым күштің тығылып жатқаны жөнінде.


Соны тарқатып көрелік.


Нумерологтар 11 санын бір тылсым дүниемен теңестіруінде үлкен мән бар. Мысалы, 2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ- тың Нью-Йорк қаласында болған трагедияны алайық. Бұл жөнінде үнді нумерологтары былай деген екен. Олардың айтуынша, теракт болған күн қыркүйектің 11-ші жұлдызы. Есепке салып жіберсек, жылдың 254 күніне тең келеді. Нумерология есебі бойынша 254 дегенді бөлшектеп қарасаң, мынадай сан шығады 2+5+4=11. Көрдіңіз бе, 11 деген сан шығып тұр. 11 қыркүйектен кейін жылдың бітуіне 111 күн қалады екен. Бұл да тегін емес деседі үнді нумерологтары.


Тағы да бір жағдай, Манхэттендегі қос мұнараға соғылған ұшақтардың рейстік номерлері де 11 деген санымен таңбаланған. №11 рейсті алғашқы ұшақ бірінші мұнараға соғылған. Ұшақта 92 жолаушы болған. Енді бөлшектеп жіберсек 9+2= 11 деген сан шығады. Ал екінші мұнараға соғылған ұшақта 65 адам болғаны белгілі. Тағы да бөлшектеп жіберсек –6+5=11.


Сондай-ақ үнді нумерологтары қаланың тарихына да зерттеу жүргізіпті. Сөйтсе, Нью-Йорк Америка Құрама Штаттарына есеп бойынша 11-ші болып еніпті. Ал қос мұнара (кей жерде егіз мұнара деп жатады) орналасқан Манхэттен аралы ХVII ғасырда 11 қыркүйек күні ағылшын теңіз саяхатшысы Генри Гудзон ашқан екен. Қаланың ағылшынша жазылатын транскрипциясына назар аударатын болсақ та (New York City) 11 деген сан шығады. Бұдан кейін АҚШ «бізге шабуыл жасады» деп зымырандық соққы беріп, басып кірген ел – Ауғанстан да ағылшынша жазылғанда (Afghanistan) 11 саны шығып тұр. Ал сол 11 қыркүйек күні үшінші бір ұшақ құлаған Пентагонның (АҚШ Қорғаныс министрлігі орталығы) ағылшынша нұсқасына қарайтын болсақ, (the Pentagon) 11 деген санды көреміз. Тіпті егіз мұнараның өзі алыстан 11 деген санға ұқсап тұрады екен.


«Яғни арғы-бергі тарихы тек 11 деген саннан тұратын бұл қос мұнара әу баста-ақ, қасірет пен қайғының белгісі болған. Оны былайғы жұрт біле бермейді. Нумерология заңдылығына сүйенетін болсақ, түбі ол апатқа ұшырауы тиіс еді. Ақыры солай болды», деседі нумерологтар.


Атақты Каббалада: 11 саны екі бағанадан тұрады, «бұл ашу-ыза, соқыр қара күш деген мағына береді», деп айтылған.


Яғни,11 саны өлім белгісі, бақилық жолға алып баратын қақпа ретінде айтылады. Демек 11 деген саннан аулақ жүрген дұрыс секілді.


Ақшарқат Ахметбек


kaz.365info.kz




Көрілген: 1521    Пікірлер: 0

жұма, 07.09.2018, 23:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31