Сұрақ-Жауап. Кеңес

Өмірде үйренуге тиісті нәрсе

  • Өмірде үйренуге тиісті нәрсе

    Өмірде үйренуге тиісті нәрсе

Күте білу – бақыттың құпиясы


Жасың отыз бестен асқан соң барлық дос-жаран, туған-туыс жалғыздығыңа түсіністікпен қарап, кей жерінде аяушылықпен жұбату да айтып қалады, шамасы есейген сайын адамның күту сезімі күштірек болады дейді, ішімдік сияқты сапасы мен бағасы өседі деседі. Бірақ олардікі рас: жасың ұлғайған сайын шыдамың да еселене береді.

Күте алмағандықтан өмірде көптеген қиындық туындап жатады. Төзуге келгенде – біздің әйелдер шектен шыға төзгіш, олардың үздіксіз кешірімді болуы жағдайды ушықтырады, ал күту – өте маңызды. Бастық жұмысыңа қатысты сын айтқанда, дереу бұрқылдай жөнелме. Көлікте, не дүкенде дөрекілік танытқан адамға жауап берме. Саған селқостық танытқан жігітке қоңырау шалма. Бәрін өзі бүлдірген сүйіктіңе бір сағат өтпей жатып жетіп барма. Күйеуің себепсіз дауыс көтерсе, дәл солай жауап берме. Олай жасама дейтін талай дүние бар. Себебі, жас кезіңде, эмоция мне гормондар – кемерінен асып тұрады, ал өзіңді жақсы көрудің не екенін түсінбейсің.

Сәл есейген соң бұрын тез ашуландыратын адамдардың өзі «Шыдамды екенсің!» дейтін болады. Ал сен бұл сөзге не ренжитініңді, не қуанарыңды білмей дал боласың. Бір жағынан шыдамды болу – жас адамға тән емес, екінші жағынан – өзіңді басқара білуден ғажап күй кешесің. Өзіңді тәртіпке салу – бос сөз емес, өзіңе ие болудан рахат табасың.

Кейде ашумен смс жазып жібересің. Ондай-ондай боп тұрады. Бірдің артынан тағы жеті-сегізін жазып, не ойлағаныңды тұтас айтқың келеді. Жақындарыңмен телефонда ұрсысып қалдың, қайтып қоңырау шалып, басы бүтін қарым-қатынасты құртқың келеді. Телефоныңды бұғаттап тастағанша, қоңырау шала берсем дейсің. Жігітің есік ашпады. Есіктің қоңырауын полиция келгенше басып тұра бересің. Қоштасу хатын жазып, электронды поштасына жібердің. Артынша тағы үшеуін жаздың. Екі күннен соң – достасайықшы деп хат жазасың.

Анаңа ойлағаныңды айтып, үйден кетіп қалдың. Ертесі кешке қайтып келесің. Себебі, пәтер жалдау – сен ойлағандай ертегі емес. Күйеуіңмен ажырасқың келді, ашумен арыз жазып, келесі күні етікке ақша сұрайсың. Бастықтың кабинетінің есігін тарс жаптың. Жарты сағаттан соң өз еркіңмен жұмыстан кетуге арыз жазасың. Түнімен жылап шығасың.


Ертесі екі жұмысты қатар алып жүруге келісесің. Сол арқылы бірінші қадамыңмен жасаған бүкіл жетістігіңнен айырылдың. Өзіңе деген құрметіңді жоққа шығардың. Әрі өзіңді өте тұрақсыз, ойсыз адам етіп көрсеттің. Сол кезде тоқтасаң ғой...

Жаныңда дауыл соғып тұрғанда санаңды қалыпты ұстау мүмкін емес. Бұл дегенің биік деңгей – өзіңді ашу қысқанда ұстай білу, керек кезінде кім өзіне «стоп» дей алады? Дей алған адам кез келген соғысты жеңе алады. Не көмектесетінін таңдау өз еркіңде: онға дейін не жүзге дейін санау, ойша үш жүз алпыс бесті қырық тоғызға көбейту, айналаңдағы қызыл түсті заттарды санап шығу. Немесе ұялы телефоныңды шағып тастау. Егер қолың оның нөмірін тере берсе... Не ваннаға барып бақырып жылап алу. Далаға шығып, ауданыңды он бес рет айналып шық. Немесе еденге қолыңды қойып жаттығуға кірісу. Есіңді жидыратын талай тәсіл бар. Өзіңе деген құрметті оятатын тәсіліңді тап.

Бір күні сенікі сенікі боп қалатынын түсінетін сәт туады. Жан тынышталады. Тағдыр қазір ұсынған таңдау ең жақсы емесін түсінесің. Егер жылағың кеп тұрса, жылап ал, ал хаттарды ертең жіберсең де үлгересің. Бәлкім, атқан таңмен бірге жаның да бүр жарар.

Отыз бестен соң отыз алты, отыз жеті болатынын да түсінесің... Өмір сонымен тоқтап қалмайды: өзіңе лайық адам жолығады. Балалы-шағалы боп үлгересің. Жұмысың да көңіліңнен шығатын болады. Жиырма бес туралы не айтуға болады, аптықпа жастық.

Күте білу – бақытты болудың басты құпиясы сияқты. Қолға түскен бірінші таңдауға жабысып қалмай, өзің армандаған адамды күт. Ойыңа не келсе, соны айта салмай, ойланып, тура айтып, дөп тигіз. Күткеннен ләззат алып, межеге тура жолмен жету. Дұрыс шешім - суықтай тартылатын табақ.

Әрине, эмоционалды интеллектіні қайда қоясың деп уәж айтарсың. Көңіл күйді баса беруге болмайды деп. Басу емес, оларды түсіну, басқару, сол арқылы жаңа деңгейде ойланып үйрену. Атүсті қабылданған шешімнің көбі дерлік нәтижесіз болады. Эмоционалды интеллект – тек ашуға берілу емес.

Күте білу, шыдамды болу – өзіңе деген құрметті ұлғайтады. Өмірде үйренуге тиісті бір нәрсе болса, бұл өзіңді құрметтей білу.


Аударған Шынар Әбілдә


Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 440    Пікірлер: 0

сенбі, 26.01.2019, 15:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қаңтар, 12:49
    АДАМНЫҢ ҒҰМЫРЫ ЖАЙЛЫ
    26 Қаңтар, 15:21
    Сен кімсің?!
    25 Қаңтар, 15:03
    Батасыз өнбейтін 5 іс
    17 Қаңтар, 11:17
    Ұлағаты мол 7 ұстаным

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28