Сұрақ-Жауап. Кеңес

Отандық психолог жігіттердің сезімін суытпаудың құпиясымен бөлісті

  • © Фаза Роста

    © Фаза Роста

Отандық психолог әрі халықаралық деңгейдегі әйелдердің жаттықтырушысы Жанна Белозерова ер азаматтардың сезімін суытпаудың басты тәсілдерін ортаға салды. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.


Жаннаның пікірінше, көптеген ажырасулар бірінші кезекте әйелдердің ерлерін мақтай білмеуі себебінен болып жатады.


"Ер азаматтарды мақтап отыру маңызды. Егер ол өзінің жақсы әрекеті үшін сізден мақтау алмаса, келесі жолы бұл әрекетті қайталауға зауқы болмайды... Ер азаматтар мақтау сөз оларды қанаттандырып жататынын жасырмайды... Бұл ерлі-зайыптылардың арасындағы махабат кеңістігін қалыптастырады", - дейді Жанна.


Сонымен маман келесі тәсілдерді назарға ұсынды:


1. Не үшін мақтау керек?


Барлық жақсы әрекеті үшін мақтаңыз. Тіпті, қоқыс шығарғаны үшін де жылы сөз айтуды ұмытпаңыз.


2. Не үшін мақтау керектігін түсіну үшін өзіңізге тізім жасаңыз


Жақсылап ойланып, оның игі істері туралы тізім құрыңыз. Сол тізімді ойыңызда ұстап, дер кезінде мақтау жаудырыңыз.


3. Күтпеген жерден алғыс айтыңыз


Аяқ асты бір жақсы ісі есіңізге түскенін айтып, бұрынғы жетістіктері үшін мақтап қойып отырыңыз.


4. Эмоцияны ұмытпаңыз


Жай рақмет айта салмай, шынайы қуанышқа бөленгеніңізді байқатыңыз.


5. Жақсы энергияңызбен бөлісіңіз


Оны аймалап, жақсы көңіл-күйіңізбен бөлісіп отырғаныңыз абзал. 


 




Көрілген: 886    Пікірлер: 0

сейсенбі, 31.07.2018, 17:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31