Отбасы қаржысын үнемдеу тәсілдері

Отбасы қаржысын үнемдеу тәсілдері


—Кіріс пен шығысты есептеп, нақты санын біліңіз. Кейбіріміз қанша табыс табатынымызды, қанша жұмсайтынымызды білмейміз. Ал онымен қалай ақша үнемдейміз?

-Несие? Жоқ!

«Несие төлей жүріп ақша үнемдеу» дегенге сену қиын. Сондықтан қаржы кеңесшілері де оны нақты қажет жағдайда, жауапты нәрселерге керек кезде ғана алуға кеңес береді.

-Жинақ, тиын жинайтын қоржын. Иә!

Шынында отбасы қаржысын үнемдеуді көздесеңіз, ай сайынғы табыстың 10 пайызын болса да қоржынға салып отырыңыз. Дәл сол уақытта ол сіз үшін тиын-тебен болып көрінуі мүмкін, бірақ бірнеше уақыт өткен соң үлкен сомаға айналғанын байқайсыз. Әрі ақшаңыз ұсақ-түйекпен желге ұшып та кетпейді. Сондай-ақ, аяқ асты түскен (сыйақы, сыйлық, қарыңызыңызды қайтарса) қаржыны да сонда жинай беріңіз.

-Эмоциялық сауда. Жоқ!

«Қатты қажет» болып тұрған нәрсені сатып аларда кішкене сабыр сақтаңыз. Тым құрығанда кешке дейін шыдай тұрыңызшы. Сол кезде ол дүниенің сізге қаншалықты маңызды екенін аңғарасыз.

Кейде косметика, киім, туфли, тұрмыстық қажеттіліктер бір көргенде көздің жауын алып, сізге аса қажет болып сезіледі. Бірақ олар сол күні қуаныш сыйлап, артынша қолданылмай қалуы да мүмкін.

-Дүкенге қажетті нәрселердің тізімімен барыңыз.

Кейде алатын заттарымызды ойымызға сақтап, дүкенге кіре саласыз. Содан соң ондағы әртүрлі нәрсеге қызығушылығыңыз артып, керектіні де, керек еместі де сатып алуыңыз мүмкін.

-Ұсақ-түйек. Жоқ!

Жол-жөнекей жеген шоколадыңыздан, автоматтағы кофеден, сағыз, қыдырып жүріп сатып алған тамақтарыңыздан үй тазалығына қажетті заттар әлдеқайда арзан екенін ойламаған боларсыз. Әлде мұндай ұсақ-түйек шығындарыңыздың есебін білесіз бе? Білмейтін болсаңыз, қазір отырып есептеп көріңізші.

—Үйде тамақтаныңыз.

Кейбіреулер үйден ас әзірлеуге зауқы соқпаса, кафеден коктейль іше салғанды, пиццаға тапсырыс бере салғанды қалап тұрады. «Оған пәлендей ақша кете қоймайды, бір салат, бір шырын, бір ғана тағам аламын ғой» дейміз де, сырттан бір жерге кіре қоямыз. Бірақ оның барлығын есептейтін болсақ, әжептәуір сомаға куә боламыз.

-Қымбат әрі сапалы нәрселерді сатып алыңыз.

Өйткені сапалы дүние сізге ұзақ уақыт қызмет етеді. Ал «арзанның жілігі татымас» демекші, ақша үнемдеп алған киіміңіз көп өтпей-ақ пайдаға аспай, басқасын алуыңызға тура келеді. Сөйтіп тағы да шығындаласыз.

Қаржыны үнемдеп, орнымен жұмсай білу де үлкен өнер. Бұл айтылғандарға күнделікті өмірде мән бере қоймаймыз. Алайда ақшаңыздың үнемді жұмсалуына бірден-бір көмек болары сөзсіз.

ikerim.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста